Page 316 - index
P. 316

мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс. Алайда, жаһандану жағдайында
осылай дамудың да өзіндік кемшіліктері бар. Соңғы 30 жылдың
ішінде бай елдер мен кедей елдер арасындағы алшақтық көбейе түсті,
жұмыссыздық әлемдік деңгейде өсе түсті, табыстағы пайданың үлесі
артып жалақы деңгейі төмендеді, экономикалық өсудің қарқыны
бәсеңдеді. Дегенмен, жаһанданудың артықшылықтары да бар:
біріншіден, адамдар арасында – олар меншік иелері, табыс алушылар,
біліктілігі бар жұмыскерлер; екіншіден, фирмалар арасында – олар
ірі, халықаралық, жаһандық бизнес өкілдері, технологиядағы
көшбасшылар; үшіншіден, мемлекеттер арасында – капитал мен
технологияны экспорттаушылар, таза кредиторлар, инфрақұрылы-мы
жақсы дамыған және тиімді экономикасын құра білген мемлекеттер.

   Қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық сауда мен әлемдік
шаруашылықтың даму стратегиясының мақсаты болып әлем елдерінің
ұлттық мүдделерін қорғаштау және даму мақсаттарына қол жеткізу
үшін тиімді экономикалық кеңістікті жасау табылады.

15.2. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты

   Мемлекеттің сыртқы саудаға араласу ауқымына байланысты
сыртқы сауда саясаты:

   1. Еркін сауда саясаты (Фритредерлік). Ішкі нарықтарды шетелдік
капитал мен қызметтерге ашуды көздейтін және экспорт пен импортты
шектемейтін іс-әрекет;

   2. Протекционистік сауда саясаты (қорғаныштық). Ішкі
нарықтарды шетелдік тауарлардан қорғауға бағытталған және
импортты шектейтін әрекеттер болып екіге бөлінеді.

   Бұл екі саясаттың өзіне артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
   Еркін сауда саясатының артықшылықтары: бәсекелестікті
ынталандырады; монополияны шектейді; өндірістің тиімділігі
жоғарылайды; бағалар төмен дейді; тауар таңдау мүмкіндігі артады;
халықаралық еңбек бөлінісі жақсара түседі; елдер бір-бірімен
жақындасып, ынтымақтастығы артады. Кемшіліктері: ұлттық
экономиканы шетелдік бизнестің теріс әсерінен қорғаудың болмауы;
ішкі нарықтарды жаулап алу немесе демпингтің орын алуы; сапасыз
өнімдердің өткізілуі және т.б.
   Протекционизмнің артықшылықтары: сауда балансын
тепе-­теңдікке келтіреді; демпингтен қорғайды; ұлттық өндіріс
салаларының өсуін ынталандырады; жас салаларды қорғайды.

           316

⇐ МАЗМҰНЫ
   311   312   313   314   315   316   317   318   319   320   321