Page 347 - index
P. 347

Икемсіз ұсыныс – мәні 1-ден кіші ұсыныс икемділігінің
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің ұсыныс көлемінің
пайыздық өзгеруінен көп болу жағдайы.

   Импорт – берілген елдің жеке тұлғаларының, фирмалардың және
үкіметтің басқа елдерде өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып
алуға жұмсайтын шығындары.

   Импорттық квота – белгілі бір уақыт аралығында елдің басқа
елдерден келетін тауарлар көлеміне шектеу енгізуі.

   Инвестициялар – өндіріске, өндіріс құрал-жабдықтарын
жинақтауға және материал қорларын көбейтуге кететін шығындар.

   Инфляция – экономикада бағалардың жалпы (орташа) деңгейінің
көтерілуі.

   Инфляциялық күтім – жұмысшылардың, фирмалардың және
тұтыну-шылардың болашақта бағалар маңызды түрде өседі деп
пайымдауы.

   Инфрақұрылым – мемлекетпен қамтамасыз етілетін азамат­
тар мен фирмалардың қолданатын күрделі құрылыс түрлері
(автомагистральдар, көпірлер, қалалық көлік жүйелері, сумен
жабдықтаудың жергілікті жүйелері, әуежайлар, суды тазарту
құрылғылары, т.б.).

   Индукция – жекелеген нақты мәліметтерден жалпы қорытын-
дыға келу.

   Капитал – өндірістік қызметтің нәтижесінде жасалған және
тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолданылатын кез-келген
ресурстар; инвестициялық тауарлар мен өндіріс құрал-жабдықтары
түріндегі адамдардың қажеттіліктерін тікелей қанағаттандырмайтын
тауарлар.

   Капитал қозғалысының есебі – капиталдың келуі мен кетуі
тіркелетін елдің төлем балансының бір бөлімі.

   Капитал сиымды тауар – өндірісінде капиталдың салыстыр-малы
түрде едәуір көлемі қолданылатын өнім.

   Капиталдың келуі – осы ел тұрғындарының қолындағы нақты
және қаржылық капиталды иемденуі үшін басқа ел тұрғындарының
жұмсайтын шығындарының сомасы.

   Капиталдың кетуі – капиталдың жоғары салық салудан,
инфляциядан қашу үшін немесе оның инвестициялаудың ең тиімді
жолдарын қамтамасыз ету мақсатында дамушы елдерден өнеркәсібі
дамыған елдерге ағылуы.

           347

⇐ МАЗМҰНЫ
   342   343   344   345   346   347   348   349   350   351   352