Page 360 - index
P. 360

сұранысты көтеруге және экономикалық белсенділікті арттыруға
бағытталған саналы іс-шаралары.

   Экономикадан «жылыстау» - «табыстар-шығындар» ағынынан
немесе экономикалық айналымнан жинақтар, салықтар және импорт
түріндегі қаржылардың кетуі.

   Экономикаға «қуат беру» – «табыстар-шығындар» ағынына
немесе экономикалық айналымға инвестициялар, мемлекеттік
шығындар, экспорт түрінде құйылатын қосымша қаржылар.

   Экономикалық интеграция – елдер арасындағы сауда тосқауыл­
дарын жою, жалпыға ортақ үлкен нарықты құру үшін әлемнің әртүрлі
елдерінің ұлттық шаруашылықтарының бірігуі және ынтымақ­тас­
тығы.

   Экономикалық өсу – нақты жалпы ішкі өнім көлемінің сан
жағынан көбеюі мен сапалық жетілдірілуі немесе өндірілген нақты
өнім көлемінің жан басына шаққанда өсуі; экономикада қолданылатын
өндіріс факторларын ұлғайтудың және техника мен технологияны
жетілдірудің нәтижесінде өндірістік қуаттылықтың артуы.

   Экономикалық пайда – фирманың жалпы табыстары мен
экономикалық шығындары арасындағы айырма; «таза пайда» және
«үстеме пайда» ұғымдарының синонимдері.

   Экономикалық рента – ұсынысы тұрақты және абсолютті икемсіз
болып табылатын жерді және басқа да табиғи ресурстарды қолдан­
ғаны үшін төленетін баға.

   Экономикалық саясат – экономикада қажетті нәтижелерге қол
жеткізуді мақсат етіп қоятын және жағымсыз құбылыстардың орын
алуын болдырмауға қатысты саясатты қалыптастыру.

   Экономикалық талдау – экономикалық ақиқаттылықтың нақты
деректерінен экономикалық заңдылықтарды анықтау.

   Экономикалық тиімділік – ресурстардың ең аз шығынымен
тауарлар мен қызметтер өндірісінің ең үлкен көлеміне қол жеткізу;
өнім өндіру барысында алынатын нәтижелердің сол өнімді өндіруге
кететін шығындарға қатынасы.

   Экономикалық цикл (іскерлік ауытқымалы кезең) – экономика­
лық белсенділіктің көтерілуінің және төмендеуінің бірқатар жылдар
бойы қайталанып отыруы.

   Экономикалық шығындар – айқын және айқын емес шығын­
дардың, қалыпты пайданың қосындысы.

   Экономикалық теория (экономикс) – қоғамның шексіз материал­
дық қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатында

           360

⇐ МАЗМҰНЫ
   355   356   357   358   359   360   361   362