Page 357 - index
P. 357

Төлем балансы – белгілі бір уақыт аралығында шетелдік
мемлекеттерге төленген жалпы төлемдер мен шетелдік мемлекет­
терден алынған жалпы төлемдер арасындағы айырма.

   Төлем балансының тапшылығы – ағымдық операциялар
балансы мен капитал қозғалысы балансының теріс сальдосы.

   Тігінен бірігу – дайын өнім өндірісінің әртүрлі сатыларын жүзеге
асыра-тын бір фирманың меншігі болып табылатын кәсіпорындар
тобы.

   Тігінен қосылу – дайын өнімнің әртүрлі сатыларын жүзеге
асыратын екі немесе одан да көп фирмалардың біртұтас фирма болып
толығуы.

   Тік кесінді – толық жұмысбастылық жағдайында өндіріс көлемінің
толық өндірілуін сипаттайтын жиынтық ұсыныс қисығының тік
сегменті.

   Туынды сұраныс – дайын игіліктердің сұранысына тәуелді болып
табылатын ресурстарға деген сұраныс.

   Тұрақты шығындар – фирманың өндіретін өнім көлеміне тәуелді
болмайтын шығындар.

   Тұтынуға деген орташа бейімділік – салықтарды төлеп
болғаннан кейінгі үй шаруашылықтарының тұтыну тауарлары мен
қызметтерін сатып алуға жұмсайтын табыстарының бір бөлігі; тұтыну
шығындарының қолда бар табысқа қатынасы.

   Тұтынуға деген шекті бейімділік – қолда бар табыстың кез-
кел­ген өзгеруіндегі тұтыну тауарларына кететін шығындардың
үлесі; қолда бар табыс өзгерісінің тұтыну шығындарының өзгерісіне
қатынасы.

   Тұтынушылық бағалар индексі – тұтынушының статистикалық
орташа есеппен сатып алатын құрамына 300-ден астам тұтыну
тауарлары кіретін «тұтыну қоржынының» бағалар деңгейін өлшеу
үшін қолданылатын индекс.

   Тұтынушының егемендігі – шектеулі ресурстармен өндірілетін
тауарлар мен қызметтердің түрлеріне тұтынушының еркін таңдауы­
ның болуы.

   Ұзақ мерзімді тренд – көптеген жылдар аралығында экономика­
лық белсенділік деңгейінің көтеріліп немесе төмендеп отыруы.

   Ұлттық табыс – ресурстардың жалпы ішкі өнім өндірісіне қосқан
үлесі үшін сол ресурс иелерінің жалақы, пайыз, рента және пайда
түрінде алатын жиынтық табыстары.

                                              357

⇐ МАЗМҰНЫ
   352   353   354   355   356   357   358   359   360   361   362