Page 358 - index
P. 358

Ұсыныс – сатушының белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір
бағамен тауардың немесе қызметтің белгілі бір көлемін нарықта сатуға
деген дайындығы және сата алу қабілеті.

   Ұсыныс заңы – тауардың бағасы мен оның сатылу көлемі

арасындағы тура байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным.

   Ұсыныс қисығы – сатушының белгілі бір уақыт аралығында
әртүрлі бағамен тауардың немесе қызметтің қанша көлемін сата
алатындығын көрсететін қисық сызық.

   Ұсыныс инфляциясы – жалақының көтерілуі мен шикізат
бағаларының өсуі салдарынан өндірістің нақты көлемі мен
жұмысбастылықтың қысқаруына байланысты жиынтық ұсыныстың
төмендеуі нәтижесінде туындайтын инфляция.

   Ұсыныс көлемі – сатушының белгілі бір уақыт мезетінде белгілі
бір бағамен сатуға ұсынатын тауарларының немесе қызметтерінің
жалпы шамасы.

   Ұсыныс экономикасы теориясы – инфляция мен жұмыссыздық
мәселесін шешуде «шығындар» және «жиынтық ұсыныс» ұғым­
дарына көбірек көңіл бөлетін қазіргі макроэкономикалық теорияның
бір бөлімі.

   Ұсыныстың бағалық икемділігі – тауар ұсынысының пайыздық
өзгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы; тауар
бағасының өзгеруіне ұсыныс көлемінің өзгеру реакциясы.

   Үй шаруашылығы – экономиканы қажетті ресурстармен
жабдықтайтын және сол үшін ақша алып өз қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтерді сатып алатын
бір немесе одан да көп тұлғалардан тұратын экономикалық бірлік.

   Үкіметтің трансферттік төлемдері – үкіметтің біржақты
жұмсайтын ақшалай көмек шығындары.

   «Үлкен сегіздік» – экономикалық мәселелерді шешу және
экономикалық саясатты үйлестіруге талпыныстар жасау үшін
басшылары үнемі бас қосып отыратын өнеркәсібі дамыған елдер
(АҚШ, Жапония, Алмания, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада
және Ресей) тобы.

   Ішкі қарыз – мемлекеттің өз елі ішіндегі азаматтарына,
фирмаларына және мекемелеріне деген борышы.

   Филлипс қисығы – жұмыссыздық деңгейі мен бағалар деңгейінің
өсуінің жылдық қарқыны (инфляция) арасындағы байланысты
сипаттайтын қисық сызық.

   Фискалдық саясат (бюджет-салық) – толық жұмысбастылықты
және инфляциясыз ұлттық өнім өндірісін қамтамасыз етуге

           358

⇐ МАЗМҰНЫ
   353   354   355   356   357   358   359   360   361   362