Page 355 - index
P. 355

Стагфляция – елде өндірістің құлдырауымен және жұмыссыз-
дықтың жоғары деңгейімен ұласатын инфляция; бағалар деңгейі мен
жұмыссыздық деңгейінің бір уақытта көтерілуі.

   Субвенция (жәрдемқаржы) – мемлекеттің жергілікті билік
органдарына беретін ақшалай жәрдемі, яғни ұлттық-мемлекеттік
және әкімшілік-аумақтық ұйымдардың бюджеттерін мақсатты түрде
қаржыландыру үшін тегін берілетін мемлекеттік қаражаттың тіркелген
көлемі.

   Субсидия (көмекқаржы) – мемлекет жергілікті үкімет органда-
рына, заңды және жеке тұлғаларға немесе басқа мемлекеттерге
мемлекеттік бюджет есебінен беретін көбінесе ақшалай нысандағы
көмекқаржылары.

   Сұраныс – сатып алушының белгілі бір уақыт аралығында белгілі
бір бағамен тауардың немесе қызметтің белгілі бір көлемін нарықта
сатып ала алу қабілеті; төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.

   Сұраныс заңы – тауардың бағасы мен оның сатып алу көлемі
арасындағы кері байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным.

   Сұраныс қисығы – сатып алушының белгілі бір уақыт аралы-
ғында әртүрлі бағамен тауардың немесе қызметтің қандай да бір
көлемін сатып алуға деген дайындығын көрсететін қисық сызық.

   Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың өсуімен байланыс­
ты туындайтын инфляция.

   Сұраныс көлемі – сатып алушының белгілі бір уақыт мезетінде
белгілі бағамен сатып алғысы келетін тауарларының немесе
қызметтерінің жалпы шамасы.

   Сұраныстың бағалық икемділігі – тауарға сұраныстың пайыз­
дық өзгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы; тауар
бағасының өзгеруіне сұраныс көлемінің өзгеру реакциясы.

   Сұраныстың қиылысқан икемділігі – бір тауарға сұраныстың
пайыз-дық өзгеруінің екінші бір тауар бағасының пайыздық өзгеруіне
қатынасын білдіретін коэффициент. Коэффициенттің оң мәнді
болуы тауарлардың өзара алмастырушылар, ал теріс мәнді болуы
тауарлардың өзара толықтырушылар екендігін көрсетеді.

   Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – табыс көлемінің
пайыздық өзгеруінің тауар бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы.

   Сыртқы қарыз – мемлекеттің шетел азаматтарына, фирмаларына
және мекемелеріне деген борышы.

           355

⇐ МАЗМҰНЫ
   350   351   352   353   354   355   356   357   358   359   360