Page 356 - index
P. 356

Сэй заңы – тауарлар мен қызметтер өндірісі (жиынтық ұсы­
ныс) соларға тең жиынтық сұранысты тудырып отырады деген
макроэкономикалық қағида (шешімін таппаған теория).

   Табыстардың теңсіздігі – елде өндірілген жиынтық табыстың
жекелеген тұлғалар мен жанұяларға тең бөлінбеуі.

   Таза бәсеке – стандартты тауарлар сататын фирмалар санының көп
болуы, салаға еркін кіріп одан шыға алу мүмкіндіктерінің болуы, жеке
сатушының сатылатын тауарының бағасына бақылау жасай алмауы,
бағалық емес бәсекенің болмауы, сатып алушылар санының көп болуы
сияқты шарттары орындалатын нарықтың жағдайы.

   Таза монополия – фирманың жақын алмастырушысы жоқ ерекше
тауарды сатуы, салаға кіру мүмкіндігі жоқтығы, сатылатын өнімінің
бағасына толықтай бақылау жасай алуы сияқты шарттар орындалатын
нарықтың жағдайы.

   Таза ішкі өнім – жалпы ішкі өнім мен амортизациялық аударымдар
арасындағы айырма.

   Таза экспорт – экспорт пен импорттың айырмасы.
   Тарифтік емес тосқауылдар – мемлекеттің елдер арасындағы
сауда түрлеріне шек қоюды енгізетін кедергілері: импорттық квоталар,
лицензиялар, стандарттар, еркін экспорттық шектеулер, т.б.
   Тапшылық – берілген бағалар (тепе-теңдік бағадан төмен) кезінде
өнімге деген сұраныс көлемінің оның ұсыныс көлемінен артып кетуін
білдіретін шама.
   Тауарлар нарығы – фирмалар өндірілген өнімдерін сататын және
үй шаруашылықтары сол өнімдерді сатып алатын нарық.
   Тепе-теңдік баға – бәсекелес нарықтарда сұраныс көлемі мен
ұсыныс көлемін теңестіретін баға.
   Тепе-теңдік көлем – бәсекелес нарықтарда тепе-теңдік баға
кезіндегі сұраныс пен ұсыныс көлемі.
   Технология – тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолдануға
болатын білімдер мен тәжірибелер жиынтығы.
   Толық жұмысбастылық – тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін
қажетті барлық жарамды ресурстарды қолдану; циклдік жұмыссыздық
нөлге тең болып, нақты жалпы ішкі өнім өзінің әлеуетті деңгейіне
тең болғанда және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі ғана сақталатын
кездегі жұмысбастылықтың деңгейі.
   Толық емес жұмысбастылық – экономиканың қолданылатын
ресурстар арқылы тауарлар мен қызметтердің максималды көлемін
өндіре алмауы.

           356

⇐ МАЗМҰНЫ
   351   352   353   354   355   356   357   358   359   360   361