Page 47 - index
P. 47

Осы суретке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы тұтыну
заттарын өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы
инвестициялық тауарларды өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз
өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А,
В, С, Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер
қисығы – ресурстарды толық пайдалану кезіндегі баламалы
нұсқаларды сипаттайтын қисық деп атаймыз.

           тұтыну
           заттары

                                  Инвестициялық тауарлар

          2.1-сурет. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы

   Өндірістік мүмкіндіктер қисығы оңға (мәселен, N нүктесіне)
немесе солға (D нүктесіне) жылжиды. Егер қоғамда тұтыну
заттарына және инвестициялық тауарларға сұраныс өссе онда
өндірістік мүмкіндік ұлғайып қисық оңға (параллельді түрде)
жылжиды, яғни бұл экономиканың дамығандығын білдіреді немесе
керісінше, экономикалық дағдарыс жағдайында екі тауарға сұраныс
бірдей төмендесе, онда фирманың (немесе мемлекеттің) өндірістік
мүмкіндіктері тарылып қисық параллельді түрде солға жылжиды.

тұтыну    а)            тұтыну                                 ә)
заттары	                заттары	

инвестициялық тауарлар            инвестициялық тауарлар

          2.2 сурет. Өндірістік мүмкіндіктер қисығының жылжуы

   Алайда, өндірістік мүмкіндіктер қисығының параллельді түрде
жылжуы міндетті емес. Екі тауарға сұраныс бір уақытта төмендеуі
немесе өсуі мүмкін емес. Мәселен, инвестициялық тауарларға сұра­ныс
төмендеп (немесе артып), тұтыну заттарына сұраныс көлемі өзгермей
сол күйінде қалуы мүмкін (2.2 а-сурет). Немесе керісінше, тұтыну

                                               47

⇐ МАЗМҰНЫ
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52