Page 46 - index
P. 46

экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға
игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсауынан туындайтын
мәселелер, демек соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге
осы игілікті жеткізе алу. Алайда, балама қажеттіліктерді шектеулі
игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық
әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез
келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Нақты
өмірде адамдар үнемі баламалы (баламалы) шығындармен кезігіп
отырады. Бір өнімді өндіре отырып біз екінші бір өнімді өндіруден
бас тартуымыз қажет. Ұтымды субъект болашақ шығындарын есепке
алып қоймай, сонымен қатар, ол оңтайлы экономикалық таңдау жасау
үшін қолданыла алмаған және жіберіп алған өндірістік мүмкіндіктер
шығындарын да есепке алуы қажет. Яғни, баламалы шығындар – бұл
жіб­ еріп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары,
бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған
балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген
шығындары.

2.4. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның
                   экономикалық мәні

   Экономикалық таңдау кезінде баламалы шығындарды есептеу
экономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып
есептелетіндігі бізге белгілі.

   Енді баламалы (баламалы) шығындарды график арқылы, яғни
өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл
қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік
ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып,
осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің
өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі
азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының
баламалы мүмкіндіктері өте көп болады.

   Өндірістік мүмкіндіктер – технологиялық дамудың белгілі бір
деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және
тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі
қоғамның мүмкіндіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, өнімнің
мүмкін шығарылымын өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды.
Мысалы, қоғамда тек қана екі игілік өндіріледі: тұтыну заттары
және инвестициялық тауарлар. Оны 2.1-суретінен көруге болады.

           46

⇐ МАЗМҰНЫ
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51