Page 45 - index
P. 45

технологиялық жаңарудың қозғаушы күші, өндіріске жаңа идеяларды
және жобаларды енгізудің көзі ретінде қарастырылады.

   Сонымен қатар, қазіргі экономистер өндіріс факторларына
сәйкесінше, экологиялық факторды және уақытты жатқызады.
Экологиялық фактор бұл жерде экономикалық өсудің импульсі
ретінде қоршаған ортаның ластануымен байланысты өндіріс
мүмкіндігінің шектеулілігін түсіндіреді. Уақыт факторы да өндірісте
қолданылатын және оның тиімді жұмсалуын көрсететін шектеулі
ерекше ресурс ретінде көрінеді.

2.3. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі.
                              Үнемділік

   Уақыттың әрбір нақты кезеңінде экономикалық ресурстардың
шектеулілігі мәселесі орын алады. Ресурстардың шектеулілігі –
барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру
мүмкін еместігінің көрсеткіші. Ресурстардың шектеулілігі қоғам
алдында экономикалық таңдау мәселесін туындатады. Ол әр өндіріст­ ің
ресурстың шегінің болуымен және экономикалық мақсаттардың көп
болуымен түсіндіріледі. Сондықтан ресурстар шектеулі болғандық­тан
оларды тиімді пайдалану қажет.

   Экономикалық таңдау – берілген шығындар деңгейінде қоғам­
ның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының
орындалуы кезінде бірдей балама нұсқалардың ішінен ең жақсысын
таңдап алу. Кез келген қоғамның алдында әрдайым шектеулі
ресурстардың ахуалы мен бағытын анықтау мәселесі тұрады. Пайда
болған мәселелерді шешудің ең жақсы нұсқаларын таңдап соны
жүзеге асыру барысында экономикалық субъект экономикалық
рационалдылыққа және ұтымды шешім қабылдауға жүгінеді.

   Экономикалық рационалдылық немесе ұтымды шешім
қабылдау – бұл ұтымды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын
жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе
ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды
шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Сондықтан экономикалық
теорияда әрбір шаруашылық жүргізуші субъект аса жоғары нәтижеге
жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды,
фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын

көтеруді мақсат етеді.

   Экономикалық таңдау мәселесі үнемдеу мәселесімен тығыз

байланысты болып келеді. Үнемдеу мәселесі дегеніміз – берілген

           45

⇐ МАЗМҰНЫ
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50