Page 50 - index
P. 50

2.1. Қоғамдық өндірістің экономикалық мәні;
   2.2. Қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы;
   2.3. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі;
   2.4. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық
мәні.

                      Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.

   1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
   2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
   3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
   Экономикалық ресурстар және олардың шектеулілігі;
   Қазіргі қоғамдық өндірістегі адамның орны мен рөлі;
   Ғылыми-техникалық прогрестің қоғамдық өндіріске әсері;
   Ғылыми-техникалық прогрестің мәні және оның дамуы.
   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Қоғамның өндіргіш күштері және өндірістік қатынастар.
   2) Экономикалық тиімділік және балама шығындар.

   5. Жаттығулар:
   1) а) «не өндіру керек» мәселесі тек ресурстардың шектеулілігі
жағдайында ғана туындайды және ол жеке бизнеске ғана тән құбылыс;
   ә) «қалай өндіру керек» мәселесі еңбекке қабілетті халықпен толық
қамтылған қоғамда орын алмайды;
   б) «кім үшін өндіру керек» мәселесі орталықтандырылған қоғам
үшін өзекті болып табылмайды.
   Осы әрбір пунктке өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
   2) Өндірістік мүмкіндіктер қисығын қарастырыңыз:

           50

⇐ МАЗМҰНЫ
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55