Page 153 - indexf
P. 153

7.9 Теңіздегі барлау ұңғымаларын бұрғылаудың тиімді тәсілдері

     Тиімді бұрғылау тәсілі – аз материалдық және еңбек шығындарын жұмсау
арқылы алдағы қойған мақсатты сапалы орындау. Бұл бұрғылаудың әдісі
пайдалылығы негізінде құрылады да, көптеген факторлармен анықталады. Әрбір
фактор бұрғылаудың геологиялық-әдістемелік талаптарына, тағайындалуына
және шарттарына байланысты шешілетін мәнге ие болады.

7.7-сурет. Теңіз қайраңындағы ұңғыманы көлбеу бұрғылау сұлбасы

     Тиімді бұрғылау тәсілін таңдауда ең алдымен ұңғыманың бағытты
тағайындалуын бағалау қажет. Сонымен қатар тиімді бұрғылау тәсілін таңдау
кезінде ең бастысы ұңғының тағайындалу мақсатын сипаттайтын фактор бой-
ынша бағалау керек. Екі немесе одан көп бұрғылау тәсілдері болған жағдайда
оларды басқа факторлар бойынша бағалауды жалғастырады. Егер салысты-
ратын тәсілдер бұрғылаудың геологиялық немесе техникалық мәселелерін
тиімді шешуін қамтамасыз етпесе, онда оларды, мысалы, өнімділігі немесе
экономикалық тиімділігі жағынан бағалаудың тәжірибелік мәні жоқ.

     Теңіздегі ұңғыманы бұрғылау үдерісінің тиімділігі мен өнімділігіне әсер
ететін факторлар арнайы болып келеді. Олар техникалық әдістермен кейбір
тәсілдерді шектейді немесе мүлдем алшақтатады. Құрлықта сол ұңғыларды
бұрғылаудың пайдасы мол деп есептелген. Құрлықта қолданылатын кейбір
тиімді бұрғылау тәсілдерінің қолдануын бұл факторлар шектейді неме-
се толығымен қолдануға мүмкіндік бермейді. Сол себептен теңізде барлау
ұңғыларын бұрғылау тәсілдерінің тиімділігін келесі төрт көрсеткіштер арқылы
бөліп қарастырады:

     –	 геологиялық-ақпараттылық;

         153

МАЗМ¦НЫ
   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158