Page 154 - indexf
P. 154

–	 пайдалану-технологиялық мүмкіншіліктер;
     –	 техникалық тиімділігі;
     –	 экономикалық тиімділігі сияқты белгі арқылы бағалауға болады.
     Геологиялық ақпараттылық барлау ұңғымаларын бұрғылаудың нақты
мақсаттары мен есептері арқылы анықталады. Кен орнында пайдалы қазбалары
барлауда геологиялық ақпараттану әдістері бұрғылаудан алынған керннің са-
пасы бойынша бағаланады. Кен орнының керні: шөгінділердің литологиялық
және гранулометриялық құрамы, сулануы, қабаттың продуктивтік шекарасы,
металдың ірілігі, пайдалы компоненттің болуы, сазды жағулар және т.б. Бұл
параметрлерді нақты анықтау үшін керн сынамаларын әр интервалдағы сынау-
лар арқылы байыту мен азуына жол бермеу қажет. Бұл өлшемдердің нақты
анықтамасы үшін түрдің өзгеруі мен алынатын қоспалардың берілуінің алдын
алады.
     Геологиялық хабарландыру тәсілі инженерлік геологиялық іздеулерде
топырақтың физикалық-механикалық құрамын анықтау бойынша бағалайды.
Оған жету үшін топырақ сынамаларын бұрғылап, арнайы лабораторияда
құрамын зерттейді. Соңғы тәсіл перспективалық болып табылады, себебі тез
және сапалы зерттеулер қорытындысын алады.
     Пайдалану-технологиялық мүмкіндіктер тәсілі белгілі бір жағдайларда
керекті параметрлер арқылы ұңғыманың тиімді өнімділігін қамтамасыз етеді.
Тәжірибе жүзінде белгілі кез келген әдіс арқылы теңізде бұрғылауға, оның
үстіне шурф жүргізуге және шурфқазбаларын бұрғылауға болады.
     Осындай түрмен пайдалану-техникалық мүмкіндіктерін бұрғылауға
берілген тапсырманың орындалу сапасы, оның техникалық және экономикалық
тиімділігі арқылы анықталады.
     Техникалық тиімділікті бағалау критериялары: Бұрғылау жылдамдығының
тез, орташа, рейсті, техникалық, циклді түрлері; бір ауысуға немесе сезонға
өнімділік; жеке операцияларды орындау уақыты, жеке интервалда немесе
барлық ұңғыманың өтуі; инструменттің, шегендеу құбырларды, жабдықтардың
төзуі; универсалдығы; металл сыйымдылығы; энергия сыйымдылығы; қуат:
бұрғылау қондырғының тасымалдануы және т.б.
     Теңіз жағдайында бұрғылау тәсілін таңдау үшін уақыт факторы негізгісі
болып келеді. Экономикалық тиімділіктің негізгі критериясы – ол техникалық
тиімділікке тәуелді болатын бір интервалды немесе ұңғыманың барлық
құрылымдар бағасы, 1 м бұрғылаудың құны.
     Сонымен ұңғыма құрылысының өзіндік құны болып 1 м бұрғылау құны
және пайда саналады, өзіндік құн техникалық тиімділік дәрежесіне байланы-
сты болады. Бұрғы қондырғысын монтаждау уақыты, ұңғыманы бұрғылау
және бекіту уақыты, бұрғылау қондырғысын демонтаждау, циклдік бұрғылау
жылдамдығы, ұңғыма тереңдігі, механикалық бұрғылау тізбегін көтеру-түсіру,
ұзарту уақыты, ұңғыны бекіту уақыты, қосалқы жұмыстар: қашауды алмастыру,
түптік қозғалтқыштарды тексеру және алмастыру, т.б. уақыт, апат жұмыстарын

         154

МАЗМ¦НЫ
   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159