Page 152 - indexf
P. 152

анықтаудың көп тәсілдеріне сәйкес ұштарды (статикалық тексеру, қалақты
кесінді және т.б.) басуға негізделген. Ол ұңғыманың және техникалық бұрғылау
кешенінің ауқымын таңдауға әсер етеді.

     Бұрғылау кешендері техникалық және технологиялық ақталған деп
танылған. Олар қарапайым геологиялық барлау құбырларының орнына үлкен
диаметрлі тегіс жүрісті бұрғылау құбырларын қолдануға негізделген. Оларды
құрлықтағы инженерлік геологиялық бұрғылауда қолданады. Теңізде ең көп
тараған құбырлар диаметрі 0,127 м. Сәйкесінше, ұңғыма диаметрі 0,132 м-ден
кем болмауы тиіс.

     Орнатылған геологиялық жарылыстар, барланған акваториялар тереңдіктері,
геологиялық-әдістемелік және пайдалану ұңғымаларын бұрғылау талаптары
мына параметрлермен анықталады:

     Ұңғыманың максималды тереңдігі, м:
     Суда/жыныста.....300/300.
     Борпылдақ шөгінділерде ұңғыманың диаметрі, м:
     Максималды.....0,325/0,351;
     Минималды.....0,146/0,166.
     Түптік жыныстарда ұңғыманың диаметрі, м:
     Максималды....0,131;
     Минималды.....0,059.
     Ұңғымалардың судағы тереңдігі және жыныстары бойынша оларды екі топқа
бөлуге болады. Бірінші топ борпылдақ жыныстарға түсетін негізгі бұрғылау
көлемін алады. Оларда құрылыс материалдарына арналған барлау ұңғымалары,
геотехнологиялық, техникалық және инженерлік-геологиялық ұңғымалардың
көп бөлігі жатады. Суда және жыныстарда олардың тереңдігі әдетте 100 м-ден
аспайды. Бұл топтың жыныстардағы ең көп қолданылатын тереңдігі 30 м-ден
аспайды.
     Екінші топқа көмір және басқа да пайдалы қазбаларға арналған құрылымдық
барлау ұңғымаларын және жыныстарда қолданылатын, бұрғылау тереңдігі
100 м-ден асатын инженерлік-геологиялық ұңғымаларды жатқызамыз. Екінші
топтағы ұңғымалардың тереңдігі суда 300 м, жыныста 300 м-ге жетеді. Бірінші
және екінші топ ұңғымаларын бұрғылау үдерістерінің тереңдіктері қаншалықты
әртүрлі болғанымен, олардың мынадай ортақ қажеттіліктері бар:
     	әртүрлі қаттылықтағы жыныстарды бұрғылауы тиіс, себебі барлық

          ұңғымалар түптік жыныстарға кіруі керек. Құрылыс материалда-
          рын барлау кезінде де араласып келетін құмды және саз балшықты
          шөгінділерді бұрғылауға тура келеді. Оларда да өз арасында қаттылығы
          жағынан әртүрлі болып келеді.
     	Суланған тұрақсыз қабырғалы ұңғымаларда борпылдақ денелерді
          бұрғылайды.
     	Салыстырмалы түрде үлкен диаметрмен бұрғылау.

         152

МАЗМ¦НЫ
   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157