Page 148 - indexf
P. 148

түсіп цементтеледі. Бұл жағдайда өнімді қабат ашық қалдырылады: 1) өнім; 2)
қабат; 3) пайдалану тізбегі; 4) цемент ерітіндісі.

     2)	 Егер өнімді қабаттағы коллекторлар орнықсыз болса, бірақ та қабат
қысымы онша жоғары емес, коллектордың өткізгіштігі орташа болғанда сондай-
ақ өнімді қабаттың барлық қалыңдығы бойынша бір түрлі өнім болғанда және
оның сипаттамасы өзгермесе, онда өнім қабатын табанына дейін ашады. Пайда-
лану тізбегін оның жабынына дейін түсіріп, цементтейді, өнімді қабатқа арнайы
сүзгі орнатады.

     3)	 Өнімді қабат дәл 2-ші сипаттамаға ие болғанда арнайы қойылатын сүзгі
орнына төменгі ұшы перфарацияланған пайдалану тізбегін қолданады.

                             7.7 Теңізде бұрғылау шарттары

     Теңіздегі ұңғыманы бұрғылау үдерісінде қарапайым техникалық және
технологиялық факторлар әсер етеді. Ең көп әсерін тигізетін табиғи фактор-
лар, олар жұмыстың ұйымдастырылуын, техниканың конструктивті қолдануын,
оның құнын, бұрғылаудың геологиялық мәліметтерін және т.б. қамтамасыз
етеді. Оларға гидрометеорологиялық, геоморфологиялық, тау-кен-геологиялық
шарттар жатады.

7.3-сурет. Теңіз қайраңындағы бұрғылау қондырғылары

     Гидрометеорологиялық шарттар теңіз толқуы, оның мұз және
температуралық режимдері, су деңгейінің толқулары (көтерілу, қайтулар, айдау-
лар) және ағымның жылдамдылығымен, көрініспен (тұман, төменгі бұлттық,
жел, жауын-шашындар) сипатталады.

         148

МАЗМ¦НЫ
   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153