Page 159 - indexf
P. 159

бағыттауыштармен бірге тік бағытта бұрғылау снаряды бойымен кедергісіз
қозғалуға мүмкіндік береді.

     Жүзбелі бұрғылау қондырғысының горизонтальды орын ауыстыруы мен
шайқалуының бұрғылау үдерісіне әсерін төмендету үшін ВМБ-5 (7.10-сурет) екі
қаптамамен (вкладыш) жабдықталған, ол роторға саусақтар көмегімен шарнирлі
бекітілген. Саусақтар екі диаметрлі перпендикуляр жазықтықтарда орналасқан
(Гук шарнирі принципі негізінде), ал КГК-100-ң қозғалмалы айналғышының
бағыттауыштары бұрғылау мұнарасының кронблок астындағы рамаға шарнирлі
ілінген.

       7.10-сурет. ВМБ-5 теңіз бұрғылау бұрандасы (айналғышы);
   1 – станина; 2 – ротор; 3 – сыртқы қаптама; (вкладыш); 4 – ішкі
 қаптама; 5 – саусақтар; 6 – беріліс қорабы; 7 – электрқозғалтқыш;
  8 – рельсті жолдар; 9 – жүргізуші төртгранды штанга; 10 – остік
жүктемені қабатбұзушы құрылғыға (ұңғыма түбіне) беретін құрылғы

     Аталған конструкциялармен айналмалы бұрғылау тәжірибесі көрсеткендей,
теңіздің 2 баллдан жоғары тербелуі кезінде түпке берілген остік жүктеме
берілмейді, өйткені ВМБ-5 роторда, ал КГК-100 қозғалмалы айналғышы –
бағыттауыштарда тіреліп қалады. Осы айналғыштармен бұрғылаған кезде
бұрғылау тізбегі әдетте жүзбелі бұрғылау қондырмамен тығыз бекітілген лебед-
ка тросында ілулі тұрғандықтан, оның шайқалуы бұрғылау снарядының түптен
жиі ажырауына әкеп соқтырады, кернді бұзады және қабат бұзатын құрылғыға
қажетті осьтік жүктемені ұстап тұруға мүмкіндік бермейді.

     Осындай қиындықтар теңізде күрделі гидрогеологиялық жағдайларда
бұрғылау тізбегінің айналуы үшін қолданылатын күштік вертлюгті қолданған
кезде туады. Бұның схемасы КГК-100 айналғышының бұрғылау схемасына
ұқсас.

         159

МАЗМ¦НЫ
   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164