Page 232 - indexf
P. 232

10.1-суретте тереңсулы тұрақты теңіз платформалардың классифика-
циясы келтірілген. Классификацияның бірінші деңгейінде тұрақты теңіз
платформаларының қатты және серпімдіге бөлінгені байқалады. Авторлардың
ойы бойынша мұндай бөлу өте дұрыс деп саналады, өйткені ол платформаның
конструкциясын белгілейді (өлшемдері, конфигурациясы) және өздерінің
тербеліс периодын көрсетеді. Қатты тұрақты теңіз платформаларда ол 4-6
құраса, ал серпімді тұрақты теңіз платформаларда 20 асады, кей жағдайларда
138 дейін жетеді.

     Классификацияның екінші деңгейінде: олардың тұрақтылығын қамтамасыз
ету тәсілі бойынша сыртқы жүктемелер әсерінен: гравитациялық, свайлық және
гравитициялы-свайлық болып бөлінеді.

     Гравитациялық болған жағдайда құрылым өзінің салмағының әсерінен
теңіз түбінен қозғлмайды және екінші, яғни свайлық болған жағдайда – ол свай-
лармен бекітілгендіктен орнын ауыстыра алады. Ал гравитациялық-свайлық
құрылымдар өзінің салмағы және свайлар жүйесінен қозғалмай бекітіледі.

     Топталудың үшінші деңгейі конструкция материалдарын сипаттайды: бе-
тонды, болатты немесе темірбетонды.

     Серпімді конструкциялар екінші деңгейде бекітілу тәсілі бойынша
қыспалары бар мұнаралар, жүзбелі мұнаралар және серпімді мұнаралар болып
бөлінеді.

     Қыспалары бар мұнаралар өзінің тұрақтылығын: қыспалар жүйелерімен,
жүзбелі пантондар және керісалмақтары арқылы ұстайды (сақтайды). Жүзбелі
мұнаралар тербелмелі маятникке ұқсас. Олар өзінің тепе-теңдік күйіне
жүзбелілік пантондар (жоғары жағынан орналасқан) арқылы келеді. Серпімді
мұнара тіке вертикалдан толқындар әсерінен ауытқиды, бірақ серпілме сияқты
орнына келеді. Қарастырылған топталуда 76% қатты платформалар құрайды.

     Жалпы теңіз түбіне бекітілуі және тірелуі тәсілі бойынша қатты тұрақты
теңіз платформалары келесілерге топталады: свайлық, гравитациялық, свайлық-
гравитациялық, маятникті және керілмелі, сонымен қатар қалқымалы түрде бо-
лады.

     Ал конструкция түрі бойынша – тұтас (сплошные), комбинацияланған,
тесіп өткен (сквозные) болады. Конструкцияның материалы бойынша – метал-
ды, темірбетонды, комбинацияланған болады.

     Тесіп өткен (сквозные) конструкциялар решетка тәріздес болып орындала-
ды.

     Классификацияның негізгі белгілері болып келесілер шешілген:
қондырғының орналасуы (су үстінде, су астында, аралас), монтаждау тәсілі,
тіректердің деформациялану сипаты, конструкция түрлері, сыртқы әсерлерге
қарсыласу, статикалық және динамикалық қаттылықтар (қатаңдықтар), бекітілу
сипаты, материалы, тасымалдау тәсілі және тіректі бөлікті монтаждау.

         232

МАЗМ¦НЫ
   227   228   229   230   231   232   233   234   235   236   237