Page 237 - indexf
P. 237

Бұл конструкциялардың ерекшелігі – зауытта дайындалған массивті блоктар-
ды (модульдерді) тұрақты платформаның көп палубалы жоғарғы құрылымында
әртүрлі биіктікте орналасқан арнайы технологиялық жабдықтарды қолдану. Бұл
жағдай бұрғылау жұмыстары мен мұнай өнімін өндіруді бір мезгілде жүргізуді
қамтамасыз етеді.

     Теңіз тұрақты платформалары конструкцияларының ең жедел дамуы
Солтүстік теңіздегі мұнай және газ кеніштерін игерумен тығыз байланысты.

     Солтүстік теңізде массивті, теңіз түбіне қадалармен бекітілген метал-
дан жасалған теңіз тұрақты платформаларымен қатар, гравитациялы, түрлі
массивті темірбетонды платформалар қеңінен қолданылады. Сонымен қатар,
құрастырылған конструкциялар да қолданылады: конструкцияның төменгі
бөлігі темірбетоннан, ал жоғарғысы – металдан жасалған.

     Қазіргі кезде кейбір терең акваторияларды өндіру үшін, тартылатын тіректері
бар платформалар теңіз мұнай және газ кеніштерін игеру үшін жүзбелі жүйе
қолданылуда. Жүзбелі жүйені аз өнімді кеніштерді игеру үшін, сонымен қатар,
өндірілетін мол қорлары бар кеніштерді игерудің бірінші кезеңінде қолданады.

     Қатаң металл қонструкцияларын жетілдіру мақсатында бірнеше жобалар
орындалды. Сонымен қатар серпімді платформалар конструкцияларын (300
м-ден 1000 м су тереңдігіне арналған) зерттеу және жобаларын жасау жұмыстары
жүргізілуде. Мұздық жағдайларда жұмыс жасауға арналған бірқатар платфор-
малар конструкциялары орындалған.

          10.3 Тұрақты теңіз платформаларының тағайындалуы мен
                            түрлері, олардың топтастырылуы

     Тұрақты теңіз платформалары – бірегей гидротехникалық құрылыс, оған
бұрғылау, мұнай өндіру үшін қосымша жабдықтар орналастырылады. Бұл
жабдықтар арқылы ұңғыларды қазып, мұнай мен газды өндіріп – оларды
дайындауға болады және пайдалану кезінде басқа жұмыстарды жүргізу үшін
керекті жабдықтар мен жүйелер де платформаларға орналасады (қабатқа су
айдайтын жабдық, ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізуге арналған, теңіз
өндірістік автоматтандыру құралдары, мұнайды тасымалдауды автоматтандыру
құралдары, жағалау объектілермен байланыс құралдары, т.б).

     Теңіз кен орындарын пайдаланғанда, негізінен екі басты фактор:
     1.	 Қоршаған ортаның жағдайлары;
     2.	 Теңізде жүргізілетін операциялардың қымбаттылығы ескеріледі.
     Сонымен теңіз тұрақты платформалары әр аймаққа арналған жеке
құрылмалар. Тұрақты теңіз платформалары құрылмалары теңіз түбіне тірелу
және бекіту тәсілімен, құрылмалардың түрімен және оларды дайындайтын ма-
териалдар арқылы ерекшеленеді:
     1.	 Теңіз түбіне тірелу және бекіту тәсілі бойынша теңіз тұрақты платфор-

          малары: қадалар арқылы, өз массасының салмағы арқылы (гравитация-

         237

МАЗМ¦НЫ
   232   233   234   235   236   237   238   239   240   241   242