Page 236 - indexf
P. 236

Қайраңды меңгеруде әрбір жаңа кезең пайда болатын жаңа проблемеларды
шешуге өмірге жаңа шешімдерді қабылдауды талап етеді. Қайраңды меңгерудің
тұтас техникалық құралдар спектрі өңделген, оны таңдау технологиялық,
геологиялық, гидрометеоррологиялық, экономикалық, саясат жағдайларының
жиынтығымен анықталады.

     Жаңа техниканы және теңіз мұнай газ құрылымдарды құру аумағында
жұмыс істейтін инженерлік компаниялардан «Браун энд Рут», «Мак-Дермот»,
«Кверенр», «Аккер» және т.б. жоғарғы орындарды алуда.

       10.2 Тұрақты теңіз платформалары дамуының негізгі кезеңдері
                                        мен бағыттары

     Бұрыңғы КСРО-да бірінші металдан жасалған қадалық тұғырнама кон-
струкциясын инженер Н. С. Тимофеев ұсынған. Тұғырнаманың қадалары
қазу тәсілімен түсіріліп, теңіз түбіне цементтелінеді. Сонан кейін, аралық
құрылымдар жиналып, құрылыс орнына түсіріледі.

     1940 жылы инженер Б. А. Рачинский теңіз тұғырнамасының жоғарғы
құрылымының ірі блокты конструкциясын ұсынды. Мұндай блоктар це-
менттелген қадалар үстіне монтаждалады. Зауытта дайындалатын ірі блокты
элементтерді қолдану кұрылыс уақытын шұғыл қысқартты.

     Теңіз кеніштерін игеру үдерістері, әр теңіздің тұрақты тұғырнамалары
орналасқан бөлек объектілері арасында сенімді байланыс болуды талап етті.
Ұңғыларға қажет материалдарды (жүктерді) 4 баллдан жоғары толқында және 5
баллдан жоғары желде кемемен тасымалдау қиыншылық туғызды. Сонымен ка-
тар, кейбір тайыз акваторияларда кеменің жүзуге мүмкіншілігі болмағанда (мы-
салы, Нефтяные Камни аймағы), мұндай объектілерді байланыстыру үшін эста-
кадалар тұрғызуға тура келді. Металдан жасалған тұрақты тұғырнамалардың
дамуының келесі кезеңі өндіріске ЛАМ, МОС конструкцияларының ендірілуімен
байланысты. 1976 жылы 28-сәуір атындағы кеніште 84 м теңіз тереңдігінде
теңіздің тұрақты платформасы (ТТП) орнатылды.

     Шетел тәжірибесінде теңіз мұнай кеніштерін игеру ағаш қадалы тұрақты
тұғырнамаларды қолданудан басталды. Шетелдерде ұңғыларды бұрғылау және
олардан мұнай өндіру үшін металдан жасалған тұрақты теңіз тұғырнамаларын
қолдану, 6 м тереңдікке арналған қарапайым конструкцияны қолданудан бастап,
305 м және одан да терең акваторияларға пайдаланылатын күрделі конструкция-
ларды жетілдіру жүргізілуде.

     Ұңғыларды бұрғылау және мұнай өнімін өндіру үшін теңіздің
гидротехникалық құрылымдарының дамуының екінші кезеңі – теңіздің тұрақты
платформаларының жасалуына байланысты. Теңіз тұрақты платформалары –
тірек бөлімінен, массивті (салмақты) моноблоктан және алынатын көп палуба-
лы жоғарғы құрылымнан тұрады.

         236

МАЗМ¦НЫ
   231   232   233   234   235   236   237   238   239   240   241