Page 228 - indexf
P. 228

9.3-сурет. Датчиктерді тұрақты және кесе-көлденең сақтау үлгісі

  1 – хо, уо қою; 2 – басқару режимі автоматтандырылған, жарты-
    лай автоматтандырылған, қолмен; 3 – кері бақылау; 4 – қолмен

        бақылау; 5 – ағысты коррекциялау; 6 – желдің алдын алу

     Динамикалық тұрақтандыру жүйесінің электрлік жабдығының негізгі
бөлігі – бөлек арнайы бөлмеде, басқару залында орналасқан (екі гидрокомпас,
екі ЭЕМ, приферийлік құрылғылары бар екі басқару шкафы, екі АМ жүйелері,
екі телетайп, жлпы шынжырлар шкафы, басқарудың бас пульті). Басқару
залының жанындағы, арнайы залда қоректену батареялары, түзеткіштер
және кернеулерді түрлендіргіштер орналасқан. Басқа құрылғылар ЖБҚ бор-
тында орнатылған. Гидрофондар мен сұрақ түрлендіргіштері әдетте шахта
төңірегіндегі квадрат немесе тікбұрыш бұрыштарына қондырылады.

     ЖБҚ-да көлденең, бойлық және кесе-көлденең рульдеуші құрылғыларының
неше түрлі тіркестерін қолданады. Рульдеуші кұрылғылардың орналасуы мен
қуаттылығын, ең жоғары кесе-көлденең және бойлық тарту күштерін, айнал-
дыру моментін және сыртқы күштерге қарсы әсерін қамтитын, тіпті бір не-
месе бірнеше рульдеуші құрылғыларының апатқа ұшырауы кезінде де қарсы
тұруды ескеріп таңдайды. Сондықтан вимтті қозғалтқыштардың тудыратын
тарту күші шамамен 50-100% орта тарту күшінен, желдік жүктеме мен ағыстар
күшінің есептелген жобалық мәндерінен, артығырақ болуы тиіс.

         228

МАЗМ¦НЫ
   223   224   225   226   227   228   229   230   231   232   233