Page 227 - indexf
P. 227

Балық үйірінің өтуінен немесе лай атқылауынан мүмкін кедергілер
туған жағдайда, ЖБҚ-ның қалпы туралы сигналдар үзілмеуі үшін ЖБҚ-да
қосымша датчиктер орнатылған: қадаушаның тік креномері, акустикалық
өлшеулердің алғашқы көздерін алмастыратын ультрадыбысты гидролокатор
(сонар). ЭЕМ ЖБҚ-ның қалпы туралы мәліметтер алып, оларды қолдай оты-
рып, оның алғашқы қалпынан ауысуын есептейді; оны бастапқы қалпына
келтіру үшін қажетті бойлық, көлденең күштерді және айналдыру моментін
анықтайды және рульдеуші құрылғыларға команда береді.

     ЖБҚ-ға әсер етпей тұрып, желге лезде қарсы тұру мақсатында ЭЕМ-
да алдын алу тізбегі орнатылады. Желдің бағыты мен жылдамдығы жөнінде
мәліметтер анемометр мен флюгерден алынады. Қоршаған орта датчиктерінің
байланысы, АМS ақпараттарының алғашқы көздерінің, көмекші көздер мен
ЭЕМ-ның үлгісі (3.3-суретте) көрсетілген.

     Акустикалық өлшеу жүйесі істен шыққан жағдайда ЭЕМ автоматты түрде
көмекші көздерге қосылады: тік креномерге, қадауша креномеріне және басқа
коздерге.

     Динамикалық тұрақтандыру жүйесінің сенімді, тәулік бойы жұмыс істеуі
мақсатында, онын блоктары қайталанылған жөне екі параллельді автоматты
басқарылатын тұйық тізбектер түрінде көрінеді. Жұмыс істеудің сенімділігін
арттыру мақсатында параллельдікпен қатар қайталаудың айқасқан түрі де
қарастырылған.

        9.2-сурет. Динамикалық тұрақтандыру жүйесін ЭЕМ-мен басқару үлгісі

     Динамикалық тұрақтандыру жүйесінде екі ЭЕМ бар: бірі жұмыс жа-
сайды, ал екіншісі резервте. Жұмыс істеп түрған ЭЕМ бұзылғанда, автомат-
ты түрде резервтегі ЭЕМ жұмысқа қосылады. Автоматты тұрақтандыру
жүйесін оператор басқарудың бас пультінен іске қосады және оның жұмысын
бақылайды. Бұдан басқа, бұрғылау шебері үшін бұрғылау қондырғысы
алаңшасында орнатылған, кіші өлшемді басқару пульті бар.

         227

МАЗМ¦НЫ
   222   223   224   225   226   227   228   229   230   231   232