Page 239 - indexf
P. 239

Кен орнын пайдалану және оның маңайында құрылыстарды тұрғызу жо-
басы мұнай немесе газдың бағаланған қорына, кен орнына, теңіз тереңдігіне,
қоршаған орта жағдайлары және т.б. факторлармен байланысты жасалынады.

     Серпімді құрылмалар бекіту тәсілі бойынша үшке бөлінеді:
     1.	 Тартқыш мұнаралар – 16 тартқышы және зәкірлік тұрақтандырғыш

          жүйесі бар. Құрылма өзінің орнықтылығын тартқыштар жүйесі,
          қалытқылы понтондар және қарсы салмақтар арқылы қамтамасыз етеді.
     2.	 Жүзбелі мұнаралар – қозғалмалы маятникке ұқсас, олар тепе-теңдік
          жағдайларында, құрылмалардың жоғары жағына орналасқан, жүзбелі
          понтондар арқылы келеді.
     3.	 Иілгіш мұнаралар – тік жағдайдан толқындардың әсерінен ауытқиды,
          олар бұл жағдайда қысылған серіппеге ұқсас, тепе-теңдік қалпына
          қайта келуге тырысады.
     Серпімді теңіз тұрақты платформаларының 13%-ы жүзбелі мұнараларға,
8%-ы тартқышты мұнараларға, 3%-ы иілгіш мұнараларға жатады.

10.4 Теңіздің қатаң тұрақты платформалары

     10.4.1 Пирамида типтес қадалармен бекітілген
           тұрақты теңіз платформалары

     Қадалармен бекітілетін теңіз тұрақты платформалары тірек бөліктерінен
тұрады. Теңіз түбіне қадалармен бекітілетін, жоғарғы құрылымы қосымша
құралдармен, технологиялық құрылғылар кешенімен жабдықталған.

     Тірек бөлігі бір немесе бірнеше блоктан тұрады. Ол пирамида немесе тік
бұрышты параллелипипед формалы болуы мүмкін. Блок торның өзекшесі
негізінен құбыр тәрізді темір элементтерден тұрады. Тірек блогының саны
берілген нақты ауданда, сенімді және қауіпсіз жұмыс атқаруы тиіс. Ол
техникалық-экономикалық негіздермен және теңіз тұрақты платформаларының
тірек бөлігін жасайтын зауыттың жүк көтергіш және тасымалдау көлігінің бо-
луымен белгіленеді.

     10.6 а, б, в-суреттерінде теңіз тұрақты платформаларының Каспий теңізінде
қолданылатын түрлері көрсетілген. Төменде «28 сәуір» атындағы, тереңдігі
100 м кен орнында теңіз тұрақты платформаларының бір мезгілде екі бұрғылау
қондырғысымен бұрғылаудың қысқаша техникалық мәліметтері берілген. Плат-
форма бір-бірінен 31 м аралықтарда орналасқан. 2 тірек блогынан және үш
палубалық жоғарғы құрылымнан тұрады. Жоғарғы құрылымы 14 модульден,
оның ішінде екеуі мұнара астында, төменгі палубаның 6 модулі әрқайсысы 450
т пайдалану жабдықтарымен, жоғарғы палубаның 6 модулі әрқайсысы 600 т
бұрғы жабдықтары орналасқан.

         239

МАЗМ¦НЫ
   234   235   236   237   238   239   240   241   242   243   244