Page 240 - indexf
P. 240

Платформа тұрмыстық және тұрғын жайларымен, тік ұшаққа арналған
алаңшамен, тиеу-түсіру крандарымен жабдықталған. Платформадан 12 ұңғы
бұрғылау қарастырылған.

Жоспардағы өлшемі, м: 				       Массасы, мың т:
		 өндірістік алаңша – 71x50 		  платформалар –12,1
		 тірек блогы – 16x49 			       тірек блогы – 2,04

     Тірек блоктары теңіз түбіне қадалармен бекітіледі, сондай-ақ үш палубалық
жоғарғы құрылыспен, оған қосымша құрылғылармен және жүйелермен, соған
сәйкес технологиялық және қосымша аспап-құралдармен жабдықталады.

     Мысал ретінде платформада 12 және 24 ұңғының бағыттауыш тізбектерінің
шоғырланып орналасу үлгісі 10.6 а, б, в-суреттерінде көрсетілген.

              10.6 а-сурет. Каспий теңізінде қолданылатын
                    теңіз тұрақты платформалары үлгісі

         а – төрт блокты теңіз тұрақты платформаларылар;
1 – тірек блогы; 2 – жоғарғы құрылым; 3 – мұнара типті конструк-
циялар; 4 – бұрғылау мұнарасы; 5 – айлақтық-отырғызу құрылғысы;

         6 – судан бөлектейтін тізбек, 7 – қадалық фундамент;

     Теңіз тұрақты платформаларының конструкциясын дамыту мақсатында
шетел тәжірибесінде бірнеше қағидалы шешімдер қабылданды. Мысалы,
Солтүстік теңіздегі Эйдер кен орнының платформасын жобалауда конструкция-

         240

МАЗМ¦НЫ
   235   236   237   238   239   240   241   242   243   244   245