Page 307 - indexf
P. 307

тиімді болады. Кей жағдайларда қосымша бірнеше газдың бөлінуінен де газ
телпегі пайда болады.

12.3-сурет. Солтүстік теңізде мұнай өндіру кемесі
              («Норте» кемесі, Статойл).

            12.4 Теңiз кен орындарын игерудегі техникалық негiздер

     Теңiздегi көмiрсутекті игеру тиiстi технологияның қолдануы мен мұқият
жоспарлауды талап етедi. Сол себептен жоба жұмыстарының техникалық тала-
бы мұқият жүргізілуі керек.

     Сонымен бiрге серiктестiк өндiрiстiң барлық өндірістік ерекшеліктері тура-
лы шешiм қабылдауы керек. Материалды дұрыс таңдау аса маңызды. Мысалы,
болаттың сапасы мен беріктігі теңізде көмірсутекті игеруде өте үлкен маңызды
рөл атқарады.

      Әдетте, игеру жобасын қарастырғанда және кен орынды қондырғымен
жабдықтағанда мұнай және газ қорын іздеп тапқаннан соң бір немесе бірнеше
бұрғыланған ұңғымалар арқылы мұнай және газ қорын бағалағаннан соң кіріседі,
сонымен бірге кен орынды игеруге дейінгі және өңдеу және орналастырудағы
кеңейтуге қажеттілік геологиялық құрылым үдерісінде пайда болады.

     Жобалаудың бастапқы бірінші кезеңінде, жобаның құралдары мен әртүрлi
техникалық нұсқалары зерттеліп, айырмашылықтары қарастырылады. Содан
соң бұл нұсқалардың экономикалық көрсеткiштерi бағаланады. Үдерістердiң
жеке нұсқаларының блок-сызбасы (немесе барлық сұлба) жасалып қаралады
және техникалық құралдар, құрылыстың әдiстерiн таңдау ұсыныстары берiледi.

     Оларды әрбiр варианттың экономикалық көрсеткiштерi анықталып салыс-
тырады және құнның салыстырмалы айырмашылығы бойынша өңдеу және
орналастырудың өте үнемдi нұсқасын таңдауға болады.

         307

МАЗМ¦НЫ
   302   303   304   305   306   307   308   309   310   311   312