Page 35 - indexf
P. 35

Байланыс және навигациялық техникалық құралдар – аппаратуралық кешен-
нен, геостационарлық жер серіктері байланысы арқылы көптеген телефондық
және телеграфтық үлкен сенімділік дәрежесімен (99,9%), автоматтық режимде
жасайтын навигациялық жер серіктері жүйелерін кең пайдалануға мүмкіндік
беретін және т.б. аппараттық кешендерден тұрады.

     Геофизикалық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құралдар –
геофизикалық кемелерден, ақпараттарды автоматты өңдеуге арналған көп ка-
налды цифрлы сейсмикалық, кеме бортында деректі материалдарды ЭЕМ
енгізуге дайындау және өңдеуді қамтамасыз ететін станциялар, аппараттар мен
жабдықтардан тұрады. Жұмыстарды жүргізу координаттарын жер серіктері
байланысы арқылы анықтайды.

     Терең мұнай және газ ұңғымаларын барлама бұрғылауға арналған
техникалық қондырғылар (батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары,
өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары, жартылай батпалы
жүзбелі бұрғылау қондырғылары, бұрғылау кемелері), суасты сағалық кешен;

     Геологиялық-инженерлік іздеулер үшін керекті техникалық құралдар – ко-
лонкалы бұрғылау құралдары, толық зерттеулердің мәліметтерін ЭЕМ арқылы
өңдейтін арнайы кемелер.

     Пайдалану, бұрғылау және мұнай мен газды өндіруге арналған техни-
ка құрамына – ТТП-ның әр түрлі типтері мен конструкциялары, мұнай және
газ өндіруге арналған жабдықтар, суасты мұнай мен газды өндіруге арналған
техникалық құралдар, бақылау және басқару жүйелері, солтүстік және
арктикалық акваторияларда мұнай мен газ өндіру және игеруге арналған
техникалық құралдар кіреді.

     Мұнай мен газды дайындау және тасымалдауға арналған техникалық
құралдар – теңіздік гидротехникалық құрылыстар, мұнай мен газды сақтауға
арналған жағалық базалар, мұнай-газ құбырларын, мұнай мен газды
тасымалдауға арналған бақылау және басқару жүйелері және т.б.

     Құрылыс-монтаж жұмыстарына гидротехникалық құрылыст­ ар, ТТП әр
түрлі типтері және басқа құрылыс обьектілері, құбыр құрылыстарының (суас-
ты және құрлықтағы) құралдары, кранды-монтаждық қемелер, түсіретін және
тасымалдау баржалары, қадалар қағуға арналған жабдықтар, құбыржелілерді
төсейтін баржалар және басқа техникалық құралдар кіреді.

     Суасты және сүңгуір техникасына – ішінде адамдар бар және адамдар
жоқ аппараттар (жүзбелі және түптік), суасты аппараттарға арналған кемелер,
тіршілікті қамтамасыз ететін жүйелер, сүңгуірлер мен акванавтарға арналған
жабдықтар және басқалар кіреді.

     Теңіздегі жұмыстарды қамтамасыз ететін техникалық құралдарға көп
мақсатты кемелер, буксирлер, зәкірлерді таратып салатын буксирлер, өртке
қарсы қолданылатын кемелер, жағалық базалар жабдықтары, арнайы кемелер,
тік ұшақтар және басқа техникалар құралдар кіреді.

         35

МАЗМ¦НЫ
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40