Page 32 - indexf
P. 32

Теңіз табанын зерттеудің мәліметтері құрылымды жобалаудың келесі
кезеңдерінде қажет:

     1)	 Құрылымның түрі мен құрылысының орнын анықтауда;
     2)	 Құрылымды жобалауда;
     3)	 Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін техникалық талаптарды жасауда;
     4)	 Монтаждауда;
     5)	 Пайдалану кезінде құрылымды бақлауда.
     Бірінші кезеңде грунт туралы ақпараттар беткейлі болуы мүмкін, ал келесі
кезеңдерде зерттеулердің нақты мәліметтері қажет болады. Беткейлі зерттеулер-
ге: шағылдырғыш жүйелерді қолдану мен кең тор бойынша онша терең емес
сейсмикалық профильдеу, акустикалық профильдеу негізінде алынған учаске-
лерден грунт сынасын алу, батиметрикалық зерттеулер және теңіз түбінің топо-
графиясы, акустикалық зерттеулер мәліметтерімен дұрыстау үшін керн алумен
бір-екі ұңғыманы бұрғылау кіреді, бұған ағыстар мен толқындарды өлшеу де
кіреді.
     Нақты инженерлік-геологиялық зерттеулер гидротехникалық құрылымдар
түріне тәуелді болады.
     Грунт жыныстарын зерттеу платформаны қондырғаннан кейін оның
элементтері әсер ететін жыныстардан төмен тереңдікте жүргізіледі. Грунтты
зерттеуге теңіз табаны деңгейінен 12 м төмен тереңдікке дейін табиғи зоналар-
дан сынама алу және қабаттар арасы интервалы 3 м, 60 м тереңдікке дейінгі
тереңдіктерден және 7,5 м төмен 60 м тереңдіктерден санама алу кіреді. Теңіз
түбінен әрбір 1 м сайын сынама алынады.
     Мұхитты зерттегенде екі шартты сақтау тиіс, әр түрлі зерттеу орында-
рында шруфтардың орналасуы болашақ құрылымға қатысты теңіз түбіндегі
қабылдағыш датчиктерін қондыру мен дәлдігі болуы шарт. Зерттелетін аудан
орналастырудағы мүмкін қателіктерді ескерумен құрылымның негізі сипаты
жеткілікті үлкен болуы керек. Жоба бойынша құрылым дәл орнына орналасты-
рылуы тиіс, мысалы: таңдалған орнынан ауытқуы тек 15-45 м болуы мүмкін
(1.6- және 1.7-суреттер).
     Шетелдердің тәжерибесінде гравитациялық платформалар үшін грунттық
беттік қабаттың өзгерістіктері туралы нақты ақпараттарды конустарды ба-
тыру арқылы зерттеумен (КБЗ) алады. Қадалы платформалар үшін грунттың
тереңірек қабаттарының өзгеріштігінің маңызы бар. Шруфтарды бұрғылау және
жыныстарды сынау бойынша зәкірлермен тұрақтандырылатын (су тереңдігі 200
м дейін) бұрғылау кемелерімен, су тереңдігі 200 м артық болғанда динамикалық
тұрақтандырылатын кемелермен жүзеге асырылып зерттеледі.
     Алынған ақпаратты жинау және өңдеу уақыты нақты жағдайларға
тәуелді болады. Теңіздегі және құрлықтағы зерттеулер арасында айтарлықтай
айырмашылықтар болады. Бағыттаушымен және аралық тізбектермен бұрғылау
ірге тастың ыңғайсыз өзгеруіне әкелуі мүмкін, бұл тәжірибеде тұрақты
платформалардың құрылысында жиі кездеседі.

         32

МАЗМ¦НЫ
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37