Page 38 - indexf
P. 38

2.1 Мұнай кәсіпшілік геологиясының негіздері

     Көмірсутектер Жер қойнауынан өндірілетін минералды зат болып табыла-
ды. Көмірсутектер өнімді деп аталатын тау жыныстарының қуысты кеңістіктерін
қанықтырады және қабаттық жағдайларда газ, сұйық және жартылай қатты
күйде болуы мүмкін. Мұнай-газ қанықтырушы жыныстардың көп бөлігі шөгінді
типті жыныстарға жатады.

     2.1.1 Сынықты шөгінділер

     Шөгінді жыныстар – геологиялық уақыт аралықтарында өтетін шөгінді
жиналу үдерісінің нәтижесі болып табылады. Шөгінді жиналу жағдайлары
қалыптасушы жыныстардың түрі мен негізгі қасиеттерін анықтайды, ал бұл
жағдайлардың ауысуы тау жыныстарының стратификациясына, басқа сөзбен
айтқанда қатпарлануына алып келеді. Шөгінді жыныстарының негізгі көздері
– өз кезегінде химиялық өзгерістерге ұшыраған сол тау жыныстарының
сынықтары.

     -	 Жоралымы басқа түзілімдер;
     -	 Шөгінді жыныстардың негізгі түрлері;
     -	 Көмірсутектердің пайда болуы және олардың жиналу жағдайы;
     -	 Көмірсутектердің жылжуы және жиналуы;
     -	 Мұнай және газ кеніштерінің қалыптасуына қажетті ұстағыштардың

          классификациясы;
     -	 Әлемдік көмірсутек қорларының ұстағыштар түрі бойынша таралуы.
     Тау жыныстарының сынықтарынан қалыптасқан шөгінділер сынықты
шөгінділер деп аталады (ағылшынша clastic sediments гректің clastos сөзінен
сынықты, бұзылымды деп аударылады). Шөгінді бөлшектердің өлшемдері
саздардың ірі сынықтарынан бастап микроскопиялық бөлшектеріне дейін түрін
өзгерте отырып сынықты шөгінділер мен олардың жыныстарын жіктеу үшін
негіз болады. Сынықты типті сынықты бөлшектер, жиналымдар мен шөгінді
жыныстарын жіктеу мысалы 2.1-кестеде көрсетілген.

                                                                                          2.1-кесте
Шөгінді бөлшектерді, сынықты жиналымдар мен шөгінді жыныстарды жіктеу

   Бөлшектер        Бөлшектердің           Жиналымдар         Жыныс
Гравий              диаметрі (мм)       Ірі гравий     Ірі конгломерат
Ірі галька    256 артық                 Орташа гравий  Орта конгломерат
Құм           64-тен 256 дейін          Ұсақ гравий    Ұсақ конгломерат
Ил            2-ден 64 дейін            Құм            Құмтас
Саз           1/16-дан 2 дейін          Ил             Алевролит
              1/256-дан 1/16 дейін      Саз            Аргиллит, сланец
              1/256-дан аз

                                    38

              МАЗМ¦НЫ
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43