Page 30 - indexf
P. 30

Су температурасы. Гидротехникалық ғимараттарды жобалау кезінде судың
температурасын, оның өлшеу шектерін, сонымен қатар қандай да бір шамадағы
температураның пайда болу ықтималдығын білу керек.

     Толысулар. Толысулар келесі түрде жіктеледі: ай (астрономиялық),
қысымдар айырмашылығымен туатын толысулар және желбөгеттер. Бұл барлық
толысулар қосындыларын дауылдық желбөгет деп атайды. Тұрақты теңіз плат-
формаларын жобалаған кезде дауылдық желбөгет суының биіктігі – дауылдық
толқындар жататын есептеу нүктесі болып табылады.

     Мұздық жағдайлар. Гидротехникалық ғимараттарға мұз жүктемелері үлкен
әсер етеді. Сондықтан мұз жағдайлары туралы (мұз түрлері, олардың сипатта-
малары, қозғалғыштығы және басқалары) нақты ақпараттар болу керек.

     Құрылысы бойынша мұздардың түрлері:
     –	 ине тәрізді (берік, мөлдір);
     –	 кеуекті губкалы (түбінде қоспасы көп, кристалдары бағытталмаған);
     –	 түйіршікті (қардан түзілістегі).
     а) мұздардың бастапқы түрлері. Оларға мыналар жатады: ине мұздары;
шарбымұз (сұр түсті); көксоқта – жауған қардан кесек түзетін тұтқырлы мас-
са; анжыр – кеуекті; бозғылттау кесектер; түсі сұр, диаметрі 30 см-3 м және
қалыңдығы 10-15 см дейін болатын құймақ мұздар және қалыңдығы 10 см дейін
болатын нилас; шынылы – сынғыш мұз қабатшасы.
     ә) жас мұздар. Қалыңдығы 15 см дейін сұр түсті мұз, 15-30 см дейін ақшыл-
сұр түсті мұздар.
     б) бір жылдық мұздар. Қалыңдығы 30-70 см жұқа мұздар, 70-120 см – орта-
ша және 120 см жоғары қарлы мұздары.
     в) ескі мұздар. Қалыңдығы 60-180 см қалдықтық біржылдық және
қалыңдығы 3 м дейін немесе одан да жоғары көпжылдық мұздар.
     Припай – жүздеген километрлерге созылған, тұтас, жағасы немесе түбі
біріккен мықты мұздар. Қалыңдығы 2-3 м. Айлақтарда және биік кеңістіктерде
көпжылдық припай пайда болады. Оның мықтылығы сондай, кейде ол грунтта
жатуы мүмкін. Егер қалыңдығы 2 м-ден көп болса, оны қайраңдық деп атайды.
     Стамуха – қайраңға отырған сеңді мұз шоғырлы түзілімдері. Солтүстік
Сібір теңіздерінде припай теңіздің 25 м тереңдігіне дейін созылған. Припайдан
соң ығу мұздары түзіледі.
     Дрейфтік ығу мұздары мынадай болады: құймақты (припайдан), мұз
жазықтығы – 20 км-ден көп припайдан түзілген мұздың жазық кесегі.
Көлденеңінде 20 км-ден көп болатын мұз жазықтығын алып деп атайды, ал 2-10
км – кең немесе байтақ, 0,5-2 км – үлкен, 20-100 м – сынықтар, 20 м-ден төмен
– ұсақсынықты мұз, ал 2 м-ден төмен – ұнтақталған мұз деп атайды.
     Несяк – бірге немесе дара қатып қалған үлкен сеңді мұз шоғыры. Кейде
теңіз деңгейінен 5 м дейін көтеріледі.
     Мұздауық (сморозь) – жасы бойынша әртүрлі мұз кесектеріне қатқан мұз
ботқасы деп аталады.

         30

МАЗМ¦НЫ
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35