Page 31 - indexf
P. 31

Тұтастық – мұздардың бірқалыпты орналасқан аймағының ауданының
ондық мөлшерде суреттелген осы аймақтың ауданына қатынасы. 10 балл – өте
тұтасқан мұз, 7-8 балл – тұтасқан мұз, 4-6 балл – сиретілген, 1-3 балл – сирек
мұз.

     Теңізде дрейфтік ығу мұздарының барлығын тұрақты қозғалыста көруге бо-
лады. Олар жинақталады және ыдырайды. Жинақталу көлденеңдігі 20 км-ден
көп болса – үлкен, ал егер 10-15 км болса – орташа және 10 км-ден аз болса –
мұз дақтары болады. Мұз массивтері бірнеше жүздеген шаршы метрді құрайды.
Мұз белдеулері – ұзындығы енінен көп есе және 1-100 км құрайтын мұздардың
жинақталуы. Мұздылық пайызбен көрсетіліп, кез келген жинақтағы мұз баса
алатын ауданның, теңіздің немесе қандай да бір географиялық аймақтың жал-
пы ауданына қатынасы ретінде келеді. Мұз түзілуге қар үлкен әсер етеді. Көп
жағдайда ол мұз түзілуді баяулатады, бірақ белгілі бір жағдайда үдетеді. Мұздың
құралуына судың және т.б. ағысы, жылулық ағыны әсер етеді.

     Мұздар платформаға және басқа да гидротехникалық ғимараттарға
едәуір әсерін тигізеді. Сондықтан мұздар туралы толық және нақты ақпарат,
көп дәрежеде оптималды параметрлер мен сипаттаманы, сонымен қатар
гидротехникалық ғимараттардың және басқа теңіз мұнай өндірістік техникалық
құрылыстық шешімдерін анықтауға мүмкіндік береді.

                                 1.5 Инженерлік зерттеулер

     Теңіз техникалық құрылымдардың құрылысы, құрылыс орнында және зерт-
ханаларда кешенді инженерлік зерттеулер жүргізуді талап етеді.

     Инженерлік зерттеулер көлемі және құрамы тапсырыс берушінің
техникалық талаптарына сәйкес зерттеу ұйымдарында жасалған инженерлік
зерттеулер бағдарламасына: зерттеу ауданына қарай әкімшілікке қарайтын
көрсетумен обьектінің аталуымен орны, жергілікті жағдайдың және ауданның
қысқаша физикалық-географиялық сипаттамасы (климат, рельеф ерекшеліктері
және т.б.), ауданды зерттеу туралы мәліметтер, қолда бар материалдарды талдау
нәтижелері және оларды пайдалану туралы ұсыныстар: зерттеулерді орындаудың
бірізділігі, әдістері, көлемдері, күрделі табиғи жағдайлар категориясының
негіздері; зерттеулердің жеке түрін жүргізу орындары мен аудандарын негіздеу,
зерттеулерді жүргізуде қоршаған ортаны қорғаумен байланысты талаптар; зерт-
теу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге және технология өнімділігіне, ұйымдарға
қойылатын талаптар кіреді.

     Инженерлік-геологиялық зерттеулер мәліметтері құрылымдарды құрумен
пайдалануда гидрогеологиялық жағдайлардың, грунттық жағдаймен қасиетінің,
физикалық-геологиялық үдерістердің дамуының болу мүмкін өзгерістердің бол-
жамын жасауды қамтамасыз ету керек.

         31

МАЗМ¦НЫ
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36