Page 425 - indexf
P. 425

16.6-сурет. Газ ұңғымаларының өнімін жинаудың қағидалы блок-сызбасы.

  1 – қатыру сепараторы; 2 – алушы ұңғымалар; 3 – коррозия ингибитрін
шаю; 4 – метанолды тиеу; 5 – алынатын газды өңдеу; 6 – ұңғыма өнімін се-

    парациялау; 7 – конденсатты өңдеу; 8 – жолай алынатын суды өңдеу

     Сепарация. Бос су мен конденсатты бөлуді болжайтын бір сатылы
сепарацияны жүргізу алдында қоспадан құмды алу қажеттілігі туындауы мүмкін.

     Қысымның түсу шегі бойынша ұңғыманың сағасында газды кеңейтумен
шартталған Ждоуль-Томпсонның суыту әсері азаяды, нәтижесінде газды
қысыммен суыту қажеттілігі туындауы мүмкін. Жүйе сұйықтық жағынан
жүктеменің ауытқуын ескеру арқылы жобалануы керек, себебі қысу кезінде бұл
жүктеме максимумға дейін өседі. Гликольды дегидрлеу және тиеуге арналған
қондырғыны орнатудан бұрын жүйенің барлық бөліктерінде гидрат қалыптасу
және парафиннің қалыптасу мүмкіндігін бағалауға болады. Жоғарғы қысым
кезінде көміртегі диоксидінің аз мөлшері айтарлықтай коррозияға әкеп соғуы
мүмкін, жүйенің құрылысы үшін материалдарды таңдауға мұқият қарау керек.

     Газды компримирлеу. Компрессорды таңдау қиындығы сору қысымының
түсуімен және шығымның азаюымен шартталады. Әдетте, пайдаланудың қандай
да бір сатысында компрессорларды пайдаланады немесе модификациялайды.

     Компрессорлы жүйеге сорушы, аралық және басып тығыздау клапандары,
сонымен қатар салқындатушы қосымша қондырғылар жатады.

     Дегидрлеу. Дегидрлеу үшэтиленгликольмен дәстүрлі контактісі есебінде
ашылады.

     Дегидрлеу әдетте, механикалық сепарациялау немесе коалесценция есебінде
жүзеге асырылады.

     Газ алушы платформаның технологиялық қондырғысы мұнай алушы
платформаларда ұқсас қолданылады. Қабатты жасау тозумен бірге жүреді,
сондықтан теңіз суын тиеудің еш қажеттілігі жоқ.

         425

МАЗМ¦НЫ
   420   421   422   423   424   425   426   427   428   429   430