Page 423 - indexf
P. 423

Ажырату. Өндірілетін сұйықтық жинауыш арқылы ажыратқыш жүйеге
келіп түседі.

     Ажыратудың алғашқы сатысында қоспадан судың үлкен көлемі алы-
нып шығарылады да, содан соң деңгей реттегіштің көмегімен су дайындау
қондырғысына бағытталады. Газ ажыратқыштан соң компрессорға келіп түседі,
ал мұнай ажыратудың екінші сатысына кетеді.

    16.5-сурет. Мұнай ұңғылары өнімдерін жинаудың принципті сұлба-блогы

1 – пайдалану ұңғымалары; 2 – коррозия баяулатқышы; 3 – газлифтіге арналған
газ; 4 – сұйықты мұнайдан ажыратқыш агенттері; 5 – өлшемдік ажыратқыш;

      6 – ұңғыма өнімдерін ажыратқыш; 7 – негізгі мұнай айдау сораптары.

     Деңгейлік ажырату: 2-деңгей Рейд бойынша 100 – булар серпімділігі;
3-деңгей 50 – булар серпімділігі.

     Ажыратудың 2 деңгейінде қоспаның суға жэне мұнайға бөлінуі жүзеге аса-
ды.

     Су ажыратудың екінші және үшінші сатысынан кейін деңгей реттегіштің
көмегі арқылы суды дайындайтын қондырғыға бағытталады, ал мұнай екінші
сатыдан кейін суды әрі қарай алу жүзеге асатын ажыратудың үшінші сатысына
жіберіледі, ал қажет болған жағдайда эмульсия өңделеді.

     Химерлі ажыратқыш. Әр ұңғының ағынын манифольд арқылы өлшеу
ажыратқышына бағыттауға болады. Бұл ажыратқыштан шығатын кезде мұнай,
газ және судың көлемі үнемі өлшенеді. Су деңгейді реттегіштің көмегі арқылы
суды дайындайтын қондырғыға, ал газ компрессорға келіп түседі, ал мұнай
деңгейді реттегіштің арқасында ажыратқыштың бірінші сатысына барады.

     Депрессинтті қосымша. Егер мұнай ұюдың жоғары температурасымен
сипатталатын болса, онда суасты құбырымен мұндай мұнайды тасымалдауда
пайда болатын мәселелерді азайту үшін депрессинтті қосымшаны айдау та-
лап етіледі. Бүл әрекет құбырдың аузындағы айдау сорабына мұнайдың келіп
түсуімен жүзеге асады.

     Мұнайды сораппен айдау. Үшінші сатылы ажыратқыштан шыққан шикі
мұнай өлшеуіш құралдарынан өте отырып құбырға айдалады. Әрқайсысы
құбырдың өткізу қабілеті 50% құрайтын үш бустерлік сорап әрқайсысында

         423

МАЗМ¦НЫ
   418   419   420   421   422   423   424   425   426   427   428