Page 421 - indexf
P. 421

Суасты мұнай желісі арқылы БС-ға түсетін мұнай эмульсиясы (сулануы 5
немесе 20% дейін) cоңғы сепарционды қондырғы (КСУ) арқылы өтеді, мұнда
нөлдік қысымды газдың сепарациясы өтеді. Содан соң РВС жинау резервуарына
келіп, Т-1 жылуалмастырғышы арқылы Н-1 сораптарымен айдалады және
П-1 пешінде 60-800C дейін қыздырылады. Мұнай О-1 динамикасының
тұрағында және электротұзсыздандыру қондырғысында (ЭЛОУ) су мен тұздан
арылады (0,5% су және 5мг/л тұзға шейін), T-1 де 200C дейін суытылады және
тауарлы резервуарлар (ПТР) паркіне келіп түседі, бұл жерден Н-2 сораптары
көмегімен тауарлы мұнайды есептеу пункті арқылы магистралды мұнай
желілері жүктемесіне айдалуы немесе суасты құбыржелісі арқылы мұнайды
тасымалдау және экспорттау мақсатында кен орнына тікелей айдалады.
Электротұзсыздандыру (ЭЛОУ) қондырғысына дейін мұнай араластырғышта
тұщы сумен араластырылады. Тауарлы мұнайдың бір бөлігі автоматтандырылған
аз габаритті блокты кешенді қондырғыға бағытталады. Демек, есептеулер
көрсеткендей, электрэнергия тудыруға газ жеткіліксіз болып, өндірілген
мұнайдың екінші бір бөлігі жанар жағармай ретінде өңделіп, пайдаланылады.
Қажетті кондиция деңгейіне жетпеген мұнай Н-3 сораптары арқылы мұнайды
дайындау үдерісінің басына бағытталады.

     Резервуарлар мен аппараттардан дренаждалатын мұнайымен ластанған
қабат суы жабық жүйе бойынша Р-1 резервуарында жиналады, одан ол Н-4 со-
раптары көмегімен отстойник-гидроциклон НУР өткізіледі, мұнда ол мұнай
және мехқоспалардан тазартылады. P-2 резервуарында жиналған тазаланған
суы Н-5 сораптарымен утилизациялауға бағытталады.

     Резервуарлар мен аппаратардан газ газ теңестіруші жүйе бойынша
винтті компрессорларға ВК қабылданады және қысым мен утилизациялауға
жөнелтіледі.

     БС және МБУМТ қағидаларының технологиялық сұлбалары 16.4 в және
16.4 г-суреттерінде көрсетілген.

     1.2-нұсқа
     1.2-нұсқаның 1.1-нұсқадан ерекшелігі, онда қос платформада алдын ала
суды (УПС) тастау қондырғысынан кейін 20% табылады.
     ЛСП-Ю және ЛСП-С қағидалық технологиялық схемалар 16.4 а және 16.4
б-суреттерде көрсетілген.
     Ұңғымалардың регламентті өшірілуі бұрғылау кешенінің блок-
модулінде орнатылған сораптармен жүргізіледі. Ұңғыма шоғырын сумен
апаттық өшіру Н-3 сораптары арқылы тура сызба бойынша жүргізіледі.
     Ұңғымалардың забой алды зонасын тазалау аппараттар мен құбырларды
жабық сызба бойынша дренаждау үшін қолданылатын разрядка мен ұңғыманы
игеру блогы (БРО) арқылы тура немесе кері сызба бойынша жүргізіледі. Дре-
нажды бағандар ашық жүйеден дренажды ыдыстарға (сызбаларда көрсетілмеген) жи-
налады. Газ бен БРО факельді сепаратор арқылы тасталады, сөндіру сұйықтығынан,
мұнай мен газдан тазартқаннан кейінгі разрядқа бұрғылау кешенінің блок-модуліне

         421

МАЗМ¦НЫ
   416   417   418   419   420   421   422   423   424   425   426