Page 426 - indexf
P. 426

Үлкен платформаларда жанғыш қондырғыларды орналастыру және
жобалаумен байланысты мәселелер туындауы мүмкін, ал факельді газды жағу
кезінде жылудың үлкен көлемінің бөлінуімен түсіндіріледі.

     16.2.1 Теңізде газ бен конденсатты дайындаудың
           қағидалы технологиялық сызбасы

     Теңіз акваторияларында газ бен конденсатты дайындау бойынша
технологиялық шешімдер газды және газдыконденсатты кен орындарына
арналған келесі негізгі сызбаларға келтіруге болады (16.7-сурет).

     16.7-сурет сызба мұндағы газға гидрат қалыптасуды болжау үшін метанол
ұңғымалардың сағасына берілетіндігімен сипатты.

     Газ ұңғымадан қатыру сепараторына (I) түседі, онда газ бен сұйық бойынша
дебит анықталады. Осыдан кейін ағындар қайтадан бірігеді және сепараторға (3)
бағытталады, онда газ сұйық фазадан бөлінеді және құбыр желісі (II) бойынша
жағалауға беріледі. Көмірсутекті конденсаттың және метанолды судың қоспасы
атмосфералы резервуарларға (5) барады, онда бөлу болады, содан кейін конден-
сат сорғышпен (6) бірігіп, тасымалдау үшін газ ағымына беріледі, ал метанолды
су IX сызығы бойынша теңізге түсіріледі немесе регенерациялауға түседі.

     Газды дайындаудың мұндай әдісі Викинг, Албу-Шелл, Солтүстік теңіздің
голландиялық аумағындағы кен орнында, Бэсс-Стрейд және т.б. кен орында-
рында жүзеге асырылған. Бірақ өзінің барлық сипаты кезінде қарастырылып
отырған сызбада бірқатар теріс моменттер бар. Осылардың біреуі регенирленген
метанолды беру үшін теңіз түбіне салынған құбыр, сонымен қатар метанолды
сақтауға арналған арнайы резервуардың қажеттілігінен тұрады. Жағалауға дейін
үлкен қашықтықтар кезінде метанолды құбыр желісінің бағасы айтарлықтай
көлемді құруы мүмкін.

16.7-сурет. Метанолды шығару арқылы газды дайындаудың қағидалық сызбасы

         426

МАЗМ¦НЫ
   421   422   423   424   425   426   427   428   429   430   431