Page 430 - indexf
P. 430

Басқа жағдайларда (платформада орналасқан ұңғымадағы газдың төмен
температура немесе ұңғы сағасындағы жоғарғы қысым, газды суасты ұңғыма-
ларынан жіберу) метанол мен гликольдің бір мезгілде қолданылуы қажет бола-
ды (көбіне, үш этиленгиколь): бірінші, гидрат қалыптасуын болдырмау үшін,
екінші – газды кептіру. Бұндай техникалық шешім қосымша ауданды қажет
етеді және жоғарғы өрттік, экологиялық қауіп төндіреді. Сонда да бұл шешім
кейбір теңіздегі газды конденсатты кен орындарында орын алған.

     Штокмоновтық газды конденсатты кен орындағы (Баренц теңізі) газ және
конденсатты дайындаудың технологиялық сызбасы ВНИПИ теңіз мұнай-газында
(Т.М. Берировпен бірлескен «ВНИИгаз» және В.П.Мальхановпен – «Крикор»)
1994 жылы игерілген, кен орынның техника-экономикалық негіздемесі. Бұл
кестеде кеніштің күрделі орналасу себебінен ерекше техникалық шешімдер
ұсынылған (судың тереңдігі 350 метр, жағадан алыстауы 650 км жоғары) –
метонолдың платформада қолданылу қажеттілігіне байланысты платформаның
өзінде, өзіндік қажеттілік үшін газды ыдыстарда оны ауа оттегісі арқылы тура
жолмен тотықтырып метанолды алу мақсаты қойылған.

     Метанол алу әдісінің негізі – 4-6 МПа қысымда және 400-500˚С кезінде газ-
ды ауа оттегісі арқылы тотықтыру. Бұл кезде ауаны компримирлеу, яғни энергия
шығындау керек. Бұл мәселені платформада шешу үшін платформа қажеттілігіне
керекті электр энергиясына кететін газ бөлігін детандирлеу керек. Ал газда
тотыққан метанол тек 40-50% құрайтындықтан, ал газды ингибирлеу үшін ша-
мамен, 90% керек, онда су-метанолды қоспадағы концентрацияны жоғарылату
үшін оны сол концентрациядағы өңделген метанолмен булау қажет. Осылайша,
газды жағаға гидратсыз тасымалдау қамтамасыз етіледі.

         16.3 Ұңғыма өнімін жинау және дайындаудың суасты жүйесі

     Әдеттегі ферменді типті тірек блоктарын теңізде пайдалану жүйесінде аса
ауыр үлкен массалы болып келеді, оны қолдану үлкен кемшілік болып табыла-
ды. Бұдан бөлек, ферменді типті блоктың жоғары массасы құрылыс тәсіліне,
құрылыстың жоғарғы құнына және теңіздің тереңдігіне байланысты күрделі
саналады. Құрылыстың жоғарғы массасы тірек блок массасына айтарлықтай
әсер етпейді; ал теңіздің тереңдігі жоғарылаған сайын тірек блок массасы да өсе
түседі. Жоғарғы құрылыс массасын төмендетудің бірнеше жолы көрсетілген.
Оның бір нұсқасы – ұңғыманы алдын ала бұрғылау. Алайда, платформаны
пайдалануда бұл ұңғыманың қызмет етуіне қиындықтар туғызады. Егер көп
ұңғыманы бұрғылау керек болса, кен орынды тұрғызу уақыты ұзарады. Бұрғылау
жабдығына 3 мың тоннадан да артық жоғарғы құрылысты масса болуы керек.
Бұған қосылатын қиындықтар химиялық реагент қоры және бұрғылау құбырына
керекті уақытша жүктеулер.

     Технологиялық жабдықтарды су астында орнату жоғарғы құрылыс масса-
сын айтарлықтай азайта алады. Егер суасты қондырғысы қарапайым болса, онда

         430

МАЗМ¦НЫ
   425   426   427   428   429   430   431   432   433   434   435