Page 441 - indexf
P. 441

гидратталудың критикалық температурасы 4,50С-қа дейін төмендейді, ал егер
NaCl концентрациясы 50 кг/м3 кезінде – 2,60С-қа дейін өзгереді (16.17-сурет).

                      16.17-сурет. Су минерализациясының М гидратталу
                                         температурасына әсері

     Гидраттанудың тепе-тең температурасының төмендеуі құрамында еріген
натрий хлориді және басқа тұздары бар су, бу қысымының төмендеуіне бай-
ланысты. Қабат суының болуы кезінде гидраттанудың тепе-тең температурасы
110С-қа дейін төмендейді (16.17-сурет).

     Кейбір ғалымдардың зерттеулері бойынша тұздың массалық құрамы 1%-ға
артқанда – 0-20% арасында – гидратталудың тепе-тең температурасы 0,5-0,60С
шамасында төмендейді. Сондықтан ионды немесе эквивалентті түрде қабат
суының құрамын және тығыздығын біле отырып, жалпы минералдануды және
одан кейін қабат суындағы тұз мөлшерін табуға болады. Оны мына формуламен
анықтауға болады:

                                          A = M / 10ρплb

мұнда, M – қабат суының минерализациясы, кг/м3; ρпл– қабат суының тығыздығы;
b – тұздың массалық құрамы, %.

     Гидратталудың тепе-тең температурасының кемуі мына формуламен
анықталады:

                                                ∆t = 0.55A

     Газ жинау қондырғысының дұрыс жұмыс істеуіне керекті метанолды
қолданудың технологиялық үдерісі ұңғымадан мұнай жіберу пунктіне дейін
созылған газ құбырларының бірнеше нүктелеріне оны жіберуден құралады.

         441

МАЗМ¦НЫ
   436   437   438   439   440   441   442   443   444   445   446