Page 436 - indexf
P. 436

Жағалауға жақын орналасқан теңіз кен орындары үшін эстакада бойын-
ша ұңғыманың шығару желісін төсеу жол бойымен немесе жағада орналасқан
автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысындағы (АТӨҚ) құбырларға
арналған арнайы тіректер арқылы жобаланады. Ұңғыма өнімі өлшенгеннен
кейін бір немесе екі жинау коллекторлары арқылы жағада орналасқан мұнайды
жинаудың орталық пунктіне тасымалданады.

     Су мұнайдан бөлініп, сәйкес дайындықтан өткеннен кейін, қабат қысымын
ұстау мақсатында шығару желісіне параллельді орналасқан, эстакада бойымен
төселген құбырлар арқылы кен орнына қайтарылады.

16.14-cурет. Жағалауға жақын орналасқан теңіз кен
орындарындағы мұнай, газ және суды жинау жүйесі

     Жағалауға қашық орналасқан теңіз кен орындарындағы мұнай, газ және
суды жинау. Жағалаудан алыстаған сайын ұңғы өнімдерінің жағада орналасқан
жинау пункттеріне тасымалдануы үшін ұңғыма сағасындағы қысым жоғары бо-
луы керек. Бұл ұңғылар шығымының төмендеуіне әкеледі, сондықтан жағадан
алыс орналасқан кен орындарында мұнайды жинау жекелеген теңіз құрылым
жасақтарының алаңдарында немесе эстакаданың негізгі магистралдарынан
ұйымдастырылады. Мұнайгаз жинау пунктінде мұнайдан газды, суды және
құмды бөлу жүзеге асады, бұдан соң мұнай мен газ су астында орналасқан
құбырлар арқылы жағалауға тасымалданады. Жағалаудан едәуір қашықта
орналасқан кен орындарында тауарлы мұнайды жинау үшін арнайы негізде
жасақталған тауарлы резервуарлар паркі қолданылады, осындай негізде со-
рапты жабдықтар және мұнайды танкерлерге құю үшін жағалық құрылым
жасақтары орнатылады. Жағалаудан қашықта орналасқан және 300 м-ге дейінгі
тереңдікте жатқан теңіздегі мұнай және газ кен орындарын игеру және пайда-
лану үшін тіректерден (основания) және су үсті платформаларынан тұратын
тұрақты пайдалану платформаларын қолдану неғұрлым кең тараған. Пайдала-
ну платформаларының тіректері металды немесе темірбетонды құрылымдар

         436

МАЗМ¦НЫ
   431   432   433   434   435   436   437   438   439   440   441