Page 438 - indexf
P. 438

Бірінші және екінші сатылы айырғыштар ретінде тік (вертикалды) айырғыштар
қолданылады, өйткені олар горизонталды (көлденең) аппараттарға қарағанда
құмды жеңіл бөледі. Мұнай мен суды бөлу үшін түп жағы конусты болып келетін
динамикалық тұндырғыштар қолданылады. Су мен құм араласқан қоспаны ги-
дроциклонды қондырғыға береді. Мұнайдан тазартылған және БӘЗ-дан (беттік
әрекетті заттар) жуылған құмды флора мен фаунаға зиянын тигізбей теңізге тас-
тайды.

         16.5 Газ және конденсатты дайындау, тасымалдау және жинау
                          жүйесіндегі гидрат түзілумен күресу

     Табиғи және ілеспе мұнайлы газды игеру және тасымалдау кезінде газ
контактісіндегі бетінде су гидраты, тығыз кристалдық заттар, тығыздығы 880-
990 кг/м3 көмірсутек және судың молекулалары пайда болады.

     Табиғи газды игеру және тасымалдау кезіндегі гидратталуды зерттеуді
3-кезеңге бөлуге болады.

     1934 жыл 1-кезеңнің басы деп саналады, яғни осы жылы табиғи газдың ги-
дратталу шарттары газды құбыр арқылы тасымалдауда гидратталудың алдын
алуы туралы ұсыныстар жайлы жариялымдар жарық көре бастады. Осыдан
кейін гидрат түзілудің термодинамикалық жағдайы кезіндегі табиғи газдың
құрамы мен қасиеті туралы көптеген зерттеу еңбектері басылып шықты.

     60 жылдардың басында 2-кезең байқалды, ол кезде ұңғымадағы және
құбырларда гидрат тығындарының пайда болу орындарын алдын ала білу
мәліметтері қарастырыла бастады. Яғни, гидрат белгілі қысым кезінде газдың
температурасы гидратталудың температурасынан төмен болса, орын алады.
Осыған орай, көпжылдық тоң аудандарында бұрғыланған газ ұңғымаларының
қауіпсіз тоқтауы және олардың оптималды жұмыс дебиті анықталған.

     Ал 1973 жылдан бастап 3-кезең басталды, осы кезеңде құбырдағы гидраттық
қабаттың өсу динамикасы, ұңғымаға ылғал газдың фильтрациясы кезіндегі
гидраттың шөгіндісі, газдыгидратты кеніштерді игерудегі жылу әдістерінің
тиімділігі және т.б. зерттелген.

     Зерттеудің қорытындысы бойынша, газ ағынында гидрат түзілуінің ал-
дын алу үшін олардың пайда болу шарттарының біреуін, яғни олар: жоғары
қысымды, төмен температураны немесе еркін ылғалды жоюы керек. Қазіргі
кезде гидратталуға қарсы мұнай өндіріс тәжірибесінде көбінесе, ингибиторлар
қолданылады. Кең қолданылатын ингибитордың түрі метанол (метил спирті –
СН3ОН). Ол – түссіз сұйық, иісі өткір, молекулалық массасы – 32,04; қайнау
температурасы – 640С, қатуы 97,10С, метил буының 200С кезінде қысымы 0,01
МПа-ға тең. Метанолдың негізгі қасиеті ол гидратталудың температурасын күрт
төмендетеді, гидрат тығынын тез ыдыратады, әртүрлі қатынаста сумен байла-
нысады, тұтқырлығы аз және төменгі қату температурасымен сипатталады.
Мұнай-газ өндірісінде 97% метанол қолданылады.

         438

МАЗМ¦НЫ
   433   434   435   436   437   438   439   440   441   442   443