Page 442 - indexf
P. 442

Газды ағынға енгізілетін метанол табиғи газда, көмірсутекті конденсатта және
қабат суында еріп жоғалады.

     Технологиялық мақсатқа керекті метанол мөлшері және оның тасымалдау
және сақтау кезіндегі шығыны сомма бойынша мұнайды игеру өнеркәсібіне
керекті ингибитордың жалпы қажеттілігін құрайды.

16.18-сурет. «Газ-су» жүйесіне арналған гидратталу шарты:
 1 – «газ-дистелген су» жүйесі; 2 – “газ қабат суы” жүйесі

     Теңізде температура қысқы-күзгі кезеңде гидрометеорологиялық зерттеу-
лер бойынша 4-50С-қа төмендейді. Есептеулерде жүйенің технологиялық және
термодинамикалық параметрінің орташа мәні қабылданады.

     Метанол шығынын регинирация жоқ кезінде мына формуламен есептейді:

                                          H = HТ + ∑HП

     Мұнда, НТ– техникалық процеске тікелей кететін метанол шығыны, кг/103м3;
НП – шығын нормасы.

     Материалдық баланс теңдеуі бойынша метанол үшін Нт:

                                          HТ = qВ+qГ+qК

     Мұнда qВ, qГ, qК – суда, газ фазасында және конденсатта еріген метанол
мөлшері, кг/103м3

     Сулы фазада еріген метанол мөлшері мына формуламен есептеледі:

         qB  =    ∆ωc1c2

                (c1 − c2 )100

                442

МАЗМ¦НЫ
   437   438   439   440   441   442   443   444   445   446   447