Page 437 - indexf
P. 437

түрінде жасалған, оларда платформалардың су үстіндегі бөлігі орнатылған.
Тұрақты платформалар свайлы және гравитациялық болып бөлінеді.

     Платформаның шектелген ауданы (алаңы) ұңғы өнімдерін жинау және
дайындау үшін пайдалану жабдықтарын орналастыруда белгілі бір қиындық-
тар тудырады. Осы мақсат үшін пайдалану платформаларының ауданын
шартты түрде алаңқайларға бөледі, олардың аумағына тек қана функционалдық
міндеттеріне және өрт қауіпсіздігіне байланысты жабдықтардың белгілі бір
түрін орналастырады: ұңғы сағасы, тікелей қыздыратын жылытқыштарсыз
айырғыштар, мұнайды сақтауға арналған сыйымдылықтар, тікелей қыздыра-
тын жылытқыштар, сорапты-компрессорлы жабдықтар, қызмет көрсетуші
жұмысшыларға (қызметкерлерге) арналған үй-жайлар. Негізгі технологиялық
сұлбасында мұнай мен газды екі сатылы айыру қарастырылған.

     Бірінші саты топтық айырғыштарда жүреді, ал екінші саты жылытқыштарда
– деэмульсаторларда жүреді. Мұнайды тұзсыздандыруды электродегидраторлар-
ды қолдану арқылы жүргізуге болады. Ағынды сулар жабық мұнайұстағыштарға
түседі, одан кейін оларды өнімді қабатқа айдайды.

     Кен орнын игерудің бастапқы сатысында, яғни сусыз мұнай өндірілген
жағдайда (кезде) мұнайды танкерлердің көмегі арқылы шикізат резервуарла-
рынан құрлыққа тасымалдау экономикалық тиімді болып саналады. Өндіру
барысында өнімнің сулануы үлкен көрсеткішке (мәнге) ие болған кезде және
жер үстіне мұнаймен бірге көп мөлшерде қабат сулары шықса, онда мұнайды
платформаларда дайындап, ал тазарған суды ҚҚҰ жүйесіне қолданып немесе
қоршаған ортаны ластанудан сақтау үшін арнайы суды жұту ұңғыларына айдай-
ды.

     Мұнайды дайындаудың барлық сатысында бөлінген (айрылған) газды
ұңғыларды газлифтілі пайдалану үшін және отын ретінде қыздыру пештерінде,
сондай-ақ БӨА (бақылап өлшеу аппараттары) мен автоматика аспаптарында
кең қолданады. Сәйкесті дайындықтан және кептіруден өткен газды су астында
орналасқан газқұбыры арқылы жағалауға бағыттайды.

     Шығару желісіндегі сақтандырғыш клапандарын ұңғыда апаттық жағдай
туындаған кезде қолданады, сондай-ақ компрессорларды апаттық жағдайда
тоқтатқан кезде газды шығарып жіберу факель арқылы жүзеге асады.

     Айырғыштардан кейін бөлінген конденсат мұнай ағынына барып қосылады.
Қабат қысымын ұстау үшін ілеспе су жеткіліксіз болса, онда платформаға теңіз
суын шығарып, оны ұңғыға айдар алдында сәйкесті тазартудан өткізеді. Қабатқа
айдар алдында теңіз суын балдырлардан және бактериялардан тазартады,
сондай-ақ оған коррозияға қарсы препараттар қосады.

     Егер теңіз кен орындарының ұңғыма өнімдерінде құм болса, онда құмды бөлу
және оны одан әрі тазартудың технологиялық схемасын және технологиялық
жабдықтарын таңдауда белгілі бір талаптар қойылады. Құмды ұңғы өнімдерінен
бөлу, ұңғыма сағасында орналасқан гидроциклонды айырғыштарда немесе
резервуарлардағы тұндырғыштарда мұнайдан газды бөлгеннен соң жүргізіледі.

         437

МАЗМ¦НЫ
   432   433   434   435   436   437   438   439   440   441   442