Page 447 - indexf
P. 447

сыйымдылығын (SALS) байлауда жиі қолданады. SBS жүйесіне шықпалы
нүктелі айлақ және танкер тұмсығында орнатылған шарнирлі байлау кіреді. Бұл
жүйе Солтүстік теңізде вертикалды күшті тербелістің әсерінен қолдануға жа-
рамайды. Мұнара байлауы өзімен бірге тиемелі шарнирлі байлауы бар мұнара
түрінде болып, танкер тұмсығына байланады. Бұл жүйе Солтүстік теңізіндегі
Фулмар кен орнында қолданады.

     SALS жүйесі шықпалы нүктелі айлақтың тиімді нұсқасы – оның болатты
райзер элементінің санын минимумға жеткізуін қолдану, ал қалқу функциясы-
на байлануы беріледі, ол өзімен бірге суасты камераларының қалқымалылығын
сақтайтын конструкциясын көрсетеді.

     Мұнай сақтау танкерлік түрі жүйесінің ерекшеліктері келесідей:
     –	 танкерлердің төмен бағасы;
     –	 қондырғылар және оларды қолдану тәжірибесінің мол болуы.
     Бұл жүйенің кемшілігі – байланулы танкерге қоршаған ортадан үлкен
салмақ түсудің болуы. Сол себепті шықпалы нүктелі айлақ және байлануы 100
жыл периодпен қайталанатын теңіз дауылының әсеріне төтеп беру үшін өте
берік болуы қажет.
     Төменде су бетінде қалқымайтын, яғни теңіз түбі тірек болатын мұнайды су
астында сақтау жүйесін қарастырамыз.
     Мұнайды су астында сақтаудың артықшылықтары және кемшіліктері
     Мұнайды су астында сақтаудың артықшылықтары:
     1.	 Мұнайды сақтауға арналған су асты сыйымдылығы қалқып жүретін

          сыйымдылыққа қарағанда толқынды жүктемелердің әсеріне
          ұшырамайды.
     2.	 Мұнайды су астында сақтау кезінде сыйымдылықтың кемелермен
          соқтығысу қаупі болмайды.
     3.	 Мұнайды су астында сақтау айлақтың (причал) бағасы мен өлшемдерін
          азайтуға мүмкіндік береді, себебі оған теңіз тыныш болған кезде аз ғана
          танкерлер швартталады, сонда мұнайды сақтау үшін қайта жабдықталған
          танкер түрінде қалқып жүретін сыйымдылық болған кезде айлақ 100
          жыл аралығында қайталанатын теңіз дауылының жүктемесіне есептелуі
          керек.
     Мұнайды су астында сақтаудың кемшілігі
     Мұнайды су астында сақтаудың кемшілігі: оның барлық сораптары, реттегіш
клапандар және мониторлы жүйелер су астында орнатылады және дистанцион-
ды түрде танкер немесе платформадан басқарылады. Сонымен қатар, инспек-
ция, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары сүңгуірлер немесе арнайы су асты
(робототехниктер) қондырғыларын керек етеді, ал олар белгілі тереңдікке дейін
жұмыс істейді. Мұнайды су астында сақтау өте қомақты қаржыны талап етеді.
     Мұнайды сақтау сыйымдылығын нүктелі айлақ қасында пайдалану не
платформа түбінде орнатуға болады. Екінші нұсқаға мысалы, Берил, Брент
және Статфьорд кен орындары “Кондип” платформалар түрі орнатылған. Бұл

         447

МАЗМ¦НЫ
   442   443   444   445   446   447   448   449   450   451   452