Page 448 - indexf
P. 448

жағдайда энергиямен қамтамасыздандыру жүйелері, сорап деген рұқсат және
т.б. жеңілдетілген. Бірақ көлемді мөлшерде танкерді толтыру екпіні кезінде
жоғары қуатты сораптар және үлкен диаметрлі лақтырылғандардың түзуі,
кейде нүктелі айлаққа дейін 2 шақырымға созылады. Егер мұнайды сақтау
сыйымдылығы көсем жегілген нүктелі айлақ қасында орналасса, лақтырылған
түзу құбыр кіші диаметрлі болады, себебі мұнай ағынының жылдамдығы іріктеу
қарқынына сай келеді. Мұнайдың теңізге өтіп кету қаупінен сақтану үшін су та-
залау қондырғысын қолдану керек. Тиімді әдістің бірі мұнай мен су арасындағы
иілгіш диафрагма қондырғысын қолдануға болады, бірақ оған қызмет көрсету
жағынан қиындықтар туындайды.

     Маурин кен орнындағы мұнайды суастында сақтау сыйымдылықтары.
     Төменде тек қана мұнайды су астында сақтау сыйымдылықтары
қарастырылады. “Phillips Petroleum UK Limited” компания операторы өз
таңдауын көлемі 103,3 мың метр куб мұнай сақтау сыйымдылығында тоқтады,
ол жуықтап 9 тәулік өндірілген өнімнің көлемі.
     Компания екі желқайықты танкер қолдануға және толассыз теңіз дауылы
мен құрылғылардың тоқтауы кезінде өндіруді минимумға дейін төмендетуге
шешім қабылдады. Екі танкер сыйымдылығы 85 мың тонна, балласт көлемінің
35%-ын қамтиды. Сонымен, мұнайды тасымалдауда танкердің сыйымдылық
көлемі 55 мың тонна.

17.1-сурет. Маурин кен орнында мұнайды су астында сақтау цистерналары:
          1 – пайдалану платформаларының тірек элементі; 2 – мұнай
             сақтау бөлігі; 3 – гравитациялық тірек конструкциясы.

     Мұнайды су астында сақтауды үш үлкен цистерна қамтамасыз етеді, қоса
салынған тік тұру тірегі болатты гравитационды конструкция, “Tecnomare” ком-
паниясы өндірген тірек блогы ретінде пайдаланатын платформа қолданылады.

         448

МАЗМ¦НЫ
   443   444   445   446   447   448   449   450   451   452   453