Page 450 - indexf
P. 450

Мұнай сақтау баржалары
     Мұнай сақтау баржалары деп арнайы жүзгіш қозғалтқышы жоқ аспап,
танкер формалы келетін, арнайы көтерілмелі нүктелі айлаққа байланған,
мұнайды сақтауға арналған көлем. Жел әсерлерін минимумға қысқарту үшін
баржаның төмен суүсті бортын иеленуі керек. Темірбетон баржаны салуға кет-
кен шығындар эквивалент болат конструкция құнының 75 пайызын құрауы
мүмкін. Үлкен суығыстырғыштыққа орай темірбетон баржа толтырылмаған
көлем жағдайларында орнықтылығы үлкейеді. Сонымен қатар болат баржала-
рына қарағанда оның өртке қауіпсіз қасиеттері бар және жөндеуді аз талап етеді.

             17.2 Теңіздегі мұнай сақтау жүйесін жетілдіру жолдары

     Мұнай сақтау сыйымдылығының көлемі кен орнының көрсеткіштері
арқылы анықталады, дегенмен сыйымдылық көлемінің аз ғана өсуі бір күндік
өндіру көлеміне тең, оның тиімділігін 10% көбейтеді. Бұл көп құбылыспен
түсіндіріледі: мұнайды өндіруге кедергі болатын және мұнайды түсіру (мы-
салы, сапар желісінде танкердің болмауы, механикалық қондырғылардың
бұзылуы, күшті жел және т.б.) ұзақтылығы бір тәуліктен аспауы керек. Жалпы
тенденция бойынша сақтау сыйымдылығының көлемі оның табиғи-климаттық
жағдайының қолайсыздығына байланысты өсуі тиіс, сол себепті 58° солтүстік
ендікте ол 2 тәулікті өндіру өнім көлеміне тең болса, 68° солтүстік ендікте ол
6-ға тең.

     Мұнай сақтау сыйымдылығының көлемі оның желқайықты танкерлер
қатынасымен тікелей байланысты. Егер кен орын жоспарлаған бергіштігі,
кем дегенде 90%-ды құраса, онда мұнай сақтау сыйымдылығының көлемі
танкердің құрлықтағы терминалына кеткен кезеңіндегі барлық мұнай көлемін
сыйдыра алуы керек. Сонымен бірге, қажет болса, мұнай сақтау сыйымдылығы
табиғаттың қолайсыз кезеңдерінде кедергісіз мұнайды өндіру үшін қосымша
көлемі болуы. Мұнайды су астында сақтау арнайы болжай құрастырылған сақтау
сыйымдылықты, бірақ олар алдын ала пайдалану платформасында гравита-
циялық конструкциясын енгізеді. Бұл жағдайда мұнай сақтау сыйымдылығы
шықпалы нүктелі айлақпен үлкен диаметрлі құбыр арқылы қатынасады. Со-
нымен бірге сыйымдылықтар шықпалы нүктелі айлақтың табанында (SISSAC
жүйесі) немесе шықпалы нүктелі айлақтың қасында (GAPS жүйесі) орналасуы
мүмкін. Мұнайды су астында сақтау жүйесіндегі шығындарды азайту үшін
және оған көрсетілетін қызмет түрін жеңілдету үшін, біріншіден теңіз түбінде
екі жақты рұқсаты бар сақтандыру конструкциясын орнатуға болады. Кейін
оның астында мұнай толуына байланысты кеңейіп-кішірейіп отыратын баллон
түріндегі иілгіш сыйымдылықты орнатуға болады.

     Жартылай батырылған SEMI-SPAR сияқты жүйе мұнай сақтау сыйымдылығы
үлкен емес көлемді және кіші кен орындары үшін қымбат болып табылады.

         450

МАЗМ¦НЫ
   445   446   447   448   449   450   451   452   453   454   455