Page 449 - indexf
P. 449

GAPS жобасы
     “Goodfellow Associates” компаниясы “Vickers Design and Projects” (VDP)
компаниясымен бірге ынтымақтасып GAPS су асты пайдалану жүйесін игеру-
де. Жобаның басты идеясы – теңіз түбінде көп мөлшерде ұңғыны аяқтау және
пайдалану жабдықтарын, мұнайды сақтау сыйымдылықтарын орналастыру.
Мұнайды түсіру және газды жағу колонна түбінде мұнайды түсіруге арналған
шарнирлі бекітудің көмегімен жүзеге асады.
     Мұнай сақтау цистерналары мұнара айналасында жинастырылады.
Цистернаның сақтау көлемі кен орнына байланысты әртүрлі, бірақ әдетте ол 8
тәулікті өндіру көлеміне тең болады. Жүйе әдіптелген кен орындарында игеруге
арналған және олардың тереңдігі 300 метрге арналған.
     Баржа астында мұнай сақтау сыйымдылығы ретінде арнайы двигательсіз
салынған жүзбелі құрал енгізілген, танкер тұрқын қамтитын және нүктелі
айлаққа стационарлы лақтырылып байланған. Баржаға әсер ететін жел күшін
минимумға жеткізу үшін оның су үсті борты төмен болуы керек. Темірбетоннан
жасалған баржа құны болатты конструкциясының 75%-ына эквивалентті.
Су сыйымдылығының көлемді болуы темірбетонды баржаның мұнай сақтау
сыйымдылығы толмай қалған жағдайда тұрақтылығын сақтайды. Сонымен
қатар ол темір баржаға қарағанда отқа төзімді және аз жөндеуді талап етеді.

                  17.2-сурет. Су асты пайдалану жүйесі:
1 – мұнай сақтау цистернасы; 2 – шарнирлі бекітпесі бар толтыру
мұнарасы; 3 – желқайықты танкер; 4 – тікұшақ алаңы; 5 – факел

    консолі; 6 – басқару орны; 7 – тірек рамасы және манифольд

         449

МАЗМ¦НЫ
   444   445   446   447   448   449   450   451   452   453   454