Page 452 - indexf
P. 452

Каспийде алғашқы құбырларды 40-жылдардың аяғында және 50-жылдарда
құра бастады. Каспийдің мұнайкәсіптік акваториясынан жағалаудың көп
алыстамауы, теңіздің аз тереңдігі және кіші диаметрлі құбырлардың қажеттілігі
құбырларды құру техникасы мен технологиясын анықтады.

     Ең алғашқы диаметрі 63-114 мм құбырларды теңіз түбі бойынша бұрғылау
шоғыры арқылы тасу әдісімен қондырды. Кейін құбырларды орнату әдістері
жүзбелі құрылғылар арқылы орындалды. Осы аталған әдістердің соңғысы ішкі
кәсіптік қондырғыларды орнату үшін қазіргі кезде қолдануда.

     Су астында магистралды құбырларды құру ең алғашқы рет 60-шы жыл-
дары Южное газ кен орнының ашылуымен байланысты жүзеге асты. Осы кен
орнына газды жағаға тасымалдау үшін ашық теңіз жағдайында магистралды
газ құбырын құру қажеттілігі болды. Газ өндіру аумағының жағадан алыс ор-
наласуы құбырларды құрудың жаңа технология бойынша ұзын километрлі
құбырларды жалғау, оларды коррозиядан оқшаулау, транспортты понтондармен
қамту сияқты жұмыстар жағадағы монтажды-пісіру алаңында орындалады.
Жақсы ауа райы кезінде километрлік құбырларды монтажды алаңнан теңізге
лақтырып, жүзу арқылы құру алаңына тасымалдап, онда понтондармен бірге
трасса бойымен батырады (еркін батыру әдісі). Құбырлардың жеке өнімдерін
40-тонналы кранды кемемен жалғайды.

     Өнімдерді жүзбелі түрде тасымалдау үшін «Гипроморнефтегаз» институты
құбырдан понтондарды автоматты түрде ажырату үшін құлыпты құрылысы бар
арнайы понтондар жасап шығарды.

     Қазіргі кезде аталған технологиялар бойынша теңіз тереңдігі 30 м-ге дейін
диаметрі 500 мм-ге дейін суасты құбырларын еркін батыру әдісі арқылы оларды
50-60 км-ге дейінгі арақашықтықта теңіздің екі балға дейін толқуында төсеуге
болады.

     Бұл саладағы көрнекті нәтижесі – 28 Апрель атындағы кен орнының 1 плат-
формасынан Нефтяные Камни (трасса бойынша максималды теңіз тереңдігі
85 м) кен орнына дейін құбыр құру. Теңіз түбіне батыру кезіндегі құбыр іші
кернеуін реттеу үшін стингер бағыттауыш қондырғы орнына босатқыш пон-
тондар қолданылатын бұл терең құбыр желісі жаңа технология бойынша
құрылды. Бұл көрнекті түрде құбыр иілімдерін азайтуға және сол арқылы қатаң
гидрометеорологиялық жағдайда оны апатсыз құруға мүмкіндік береді.

     Дюбенді порты Нефтяные Камни мұнай құбырын құру құбыр құру баржасы
мен еркін батыру әдісін қолдануымен жүзеге асты.

     Қазіргі кезде «Гипроморнефтегаз» институты 28 Апрель кен орнынан Не-
фтяные Камни одан, әрі Шаховая Коса кен орнына (өзінің параметрлері бойын-
ша Каспийде бұрыннан құрылған құбырлардан асады, теңіз тереңдігі 100 м-н
астам, құбыр диаметрі 500 мм) дейін құбырдың екінші желісін құру жобасын
игеруді аяқтады.

         452

МАЗМ¦НЫ
   447   448   449   450   451   452   453   454   455   456   457