Page 53 - indexf
P. 53

3-тарау
ТЕҢІЗ ЖҮЗБЕЛІ БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

      3.1 Шет елдердегі теңіз жүзбелі бұрғылау қондырғылары туралы
                                      жалпы мәліметтер

     Континенталдық қайраңда бұрғылау жұмыстары негізінен теңіз жүзбелі
бұрғылау қондырғылары (ТЖБҚ) арқылы жүргізіледі. Олар төрт топқа бөлінеді:
батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары (БЖБҚ), өздігінен жылжыма-
лы тіректер арқылы көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары (ӨК ЖБҚ),
жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары (ЖБ ЖБҚ) және бұрғылау
кемелері (БК). Жүзбелі бұрғылау қондырғылары – теңіз табаны жыныстары-
на міндетті түрде таянады (понтондар немесе жылжымалы тіректер арқылы).
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары мен бұрғылау кемелерін
пайдаланғанда теңіз түбіндегі жыныстармен байланысу міндетті емес. Терең
акваториядағы ұңғымаларды бұрғылау үшін жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғылары мен бұрғылау кемелерін қолданғанда, оларды ұңғыма нүктесінде
динамикалық позициялау жүйесі арқылы тұрақтандырып ұстайды. Батыры-
латын жүзбелі бұрғылау қондырғылары – су тереңдігі 10-20 м ұңғымаларды
бұрғылауға арналады, өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары –
су тереңдігі 120 м дейінгі, жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары
мен бұрғылау кемелерін – су тереңдігі 600-1000 м ұңғымаларды бұрғылау үшін
қолданады. Шет елдерде теңіз жүзбелі бұрғылау қондырғыларын қолдану көлемі
жылдан-жылға өсе түсуде. 2003 ж. желтоқсанда барлық теңіз жүзбелі бұрғылау
қондырғыларының саны 696, оның ішінде: жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғылары – 147, өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары –
433, батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары – 29, бұрғылау кемелері – 57,
бұрғылау баржалары – 30 болды. 57 бұрғылау кемелерінің 18-нің динамикалық
позициялау жүйелері бар (3.1-, 3.2- және 3.3-кестелерді қара).

     2008 ж. басында теңіз жүзбелі бұрғылау қондырғыларын пайдалану
коэффициенті 85% болды.

                                                             3.1-кесте

   Максималды    Батырыла-  Өзідігінен Жартылай    Бұрғылау
    жұмыс, су    тын ЖБҚ    көтерілетін батырыла-  кемелері  Барлығы
   тереңдігі, м             ЖБҚ  тын ЖБҚ
15,3 дейін
                 71              008

                            53

                 МАЗМ¦НЫ
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58