Page 55 - indexf
P. 55

Солтүстік теңіз  0        32      56  1 89
жағалауы Батыс

Еуропа.

Жерорта теңізі   0        9       9-  7 25

Орта шығыс+      0 99             5   5 109
Шығыс

Еуропа

Оңтүстік шығыс   0        64      21  24 109
Азия +

Австралия

Барлығы:         30 421 147 64 662

               3.2 Батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары

     Батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары – теңіздің жағалау
алқаптарында барлама бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Әр ба-
тырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары төменгі жағы понтонмен аяқталады.
Қондырғылар тұрқы понтондарға құбырлар арқылы жалғасады. Понтонның
бірнеше су құйылатын бөліктері бар, олар сумен толтыру (батырғанда), не судан
құрғату (көтергенде) үшін сораптармен байланысады. Сораптар понтондардың
алдыңғы жағындағы екі тірек құбырдың түбінде орналасқан. Су ығыстырғыш
құбырлардың диаметрлеріне байланысты батырылатын жүзбелі бұрғылау
қондырғылары теңіз түбіне қондыру жағдайын анықтайды.

     Батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары үш түрге бөлінеді:
     а)	 Батырылатын понтонды жүзбелі бұрғылау қондырғылары;
     б)	 Батырылатын понтонсыз, өздігінен тіректер арқылы көтерілетін жүзбелі

          бұрғылау қондырғылары;
     с)	 Батырылатын, өздігінен тіректер арқылы көтерілетін, понтонды жүзбелі

          бұрғылау қондырғылары;
     Батырылатын понтонды жүзбелі бұрғылау қондырғыларын қолданғанда,
егер тіреу құбырларының диаметрлері 1-2 м болса, олар жүзбелі бұрғылау
қондырғыларын теңіз түбіне отырғызғанда, оның орнықтылығын қамтамасыз
ете алмайды. Сондықтан жүзбелі бұрғылау қондырғыларын отырғызу
үшін понтондардың бір шетін жынысқа тірелгенше қисайтып, содан кейін
понтондардың бос бөліктерін сумен толтырып, олардың теңіз түбіне толық
отыруын қамтамасыз ету қажет. Егер құбырлар диаметрі 4-8 м болса,
мұндай диаметрлі құбырлар жүзбелі бұрғылау қондырғыларын батырғанда
орнықтылықты қамтамасыз етеді.
     Бұл жағдайда понтондар және жоғары палубалар, бату кезінде су бетіне па-
раллель күйінде теңіз түбіне отырғанша қозғалады.

                              55

                 МАЗМ¦НЫ
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60