Page 56 - indexf
P. 56

Мұндай жүзбелі бұрғылау қондырғыларын теңіз түбінен жеңіл көтеру үшін,
понтонның астындағы жынысты жуу жүйесін құру керек (тарту күшін азайту
үшін).

     Мұндай жүзбелі бұрғылау қондырғыларында понтондар мен қондырғы
тұрқы арасында қатаң байланыс болғандықтан, олардың ауырлық центрі жоғары
орналасады. Сондықтан, тасымаддау кезінде (әсіресе дауылды жағдайда)
жүзбелі бұрғылау қондырғыларының орнықтылығы төмендеп, аударылып
кету қаупі туындайды. Батырылатын понтонды қондырғының құнды жағы –
оны теңіз түбіндегі осал жыныстарға орнатса жақсы нәтиже береді. Жүзбелі
бұрғылау қондырғыларын орнату алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі,
ұңғыма сағасынан 50 м радиус аймағында су тереңдігі, теңіз түбінің жайы және
жыныстардың физикалық-механикалық қасиеттері зерттеліп анықталады.

     Батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары жағалаудағы базадан неме-
се бұрғылау аяқталған ұңғымадан, келесі нүктеге буксирлеуші кеме көмегімен
тасымалданады.

     Батыралатын понтонсыз, өздігінен тіректер арқылы көтерілетін жүзбелі
бұрғылау қондырғыларын қолданғанда ол нүктеге жеткізілгеннен кейін, жыл-
жымалы тіректер теңіз түбіне дейін түсіріледі, онан кейін оның тұрқы тіректер
арқылы теңіз деңгейінен қажет биіктікке көтеріледі.

     Батырылатын, өздігінен тіректер арқылы көтерілетін понтонды жүзбелі
бұрғылау қондырғыларын қолданғанда оны бұрғылау нүктесіне жеткізілгеннен
кейін, понтондар жылжымалы тіректермен теңіз түбіне дейін түсіріледі де, ол
тұрқы тіректер арқылы теңіз деңгейінен қажет биіктікке көтеріледі.

     Батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғыларын пайдаланғанда ең саяз су
тереңдігі 2,14-3,0 м, ең терең су тереңдігі 55 м болады. Бүкіл әлемде батырыла-
тын жүзбелі бұрғылау қондырғылар саны 29.

       3.3 Өздігінен жылжымалы тіректер арқылы көтерілетін жүзбелі
                                 бұрғылау қондырғылары

     Теңіз жүзбелі бұрғылау қондырғыларының өндірісте ең көп тараған түрі –
өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары. Олардың жалпы саны, әр
түрлі мәліметтер бойынша шамамен теңіз жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
64%-на тең.

     Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары санының өсуін, ең
алдымен, олардың жұмыс жағдайларымен түсіндіруге болады. Егер жарты-
лай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары немесе бұрғылау кемесін
қолданғанда, ауа райы нашар болған жағдайда олардың бұрғылау жұмыстарын
тоқтатуға тура келсе, өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларымен
ауа райының қандай жағдайда болса да жұмыс жүргізе беруге болады, себебі
олар жұмыс кезінде теңіз түбіне тіреледі де, қондырғының жағдайына толқын
мен желдің (жүктемелік) әсері болмайды.

         56

МАЗМ¦НЫ
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61