Page 58 - indexf
P. 58

Мысалы 5 жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары 1000 м
жоғары теңіз тереңдігінде ал «Генри Гудрич» 3050 м дейінгі тереңдікте жұмыс
атқаруда, 183+201 м су терендігінде 53 жүзбелі бұрғылау қондырғылары 29,6%;
244-тен 400 м – 61 немесе 34%, 450-500 м – 45 немесе 25,2%; 610 м жоғары – 20
немесе 11,2% және 1373 м терең – 5 немесе 2,8%.

     Келтірілген мәліметтерге қарағанда, сексенінші жылдары тұрғызылған
жүзбелі бұрғылау қондырғылары 450 м теңіз тереңдіктеріне арналған. 1986
ж. аяғында «Одеко» фирмасының жобасы бойынша тұрғызылған – бірінші
жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары пайдалануға берілді
(құны 20 млн. долл.). Ол Мексика шығанағында тереңдігі 7625 м ұңғымаларды –
915 м теңіз тереңдігінде бұрғылауға арналған. Қондырғыны бұрғылау нүктесінде
ұстау жағдайын динамикалық позициялау жүйесі қамтамасыз етеді.

     1990 ж. Америка компаниялары Норвегиялық әріптестерімен бірігіп, аса
терең теңіз суларында (Мексика шығанағының Америка бөлігінде) бұрғылау
үшін жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғыларын жасап
шығарды. Жаңа қондырғы «Америка» деп аталды. Оның қысқаша техникалық
сипататтамасы:

     1.	 Қондырғыны пайдалану кезіндегі су тереңдігі 610 м зәкірленген
          жағдайда; 914 м зәкірленген жағдайда және рулдеу құрылғысын
          пайдаланғанда; 1830 м динамикалық позициялау жүйесін қолданғанда.

     2.	 Бұрғылау тереңдігі 7620 м.
     3.	 Сақтау орнының сыйымдылығы – үйінді материалдарға 540 м3, сұйық

          бұрғылау ерітінділері 668 м3, мұнай отыны 1900 м3, жуу суы 1200 м3,
          ауыз суы 500 м3, тұзды су 600 м3.
     4.	 Бұрғылау жабдығы – Лебедка (шығыр) қуаты 2237 кВт, 1257 мм орталық
          тесігі бар ротор, қуаты 1491 кВт, үш бұрғылау сорабы құбырларды бе-
          руге арналған толық автоматтандыру жүйесі, райзерді 556 кН күшпен
          керуге арналған 16 құрылғылар, 6 – алғашқы қозғалтқыштар, жалпы
          қуаты 25400 кВт.
     5.	 Мұнара биіктігі 53 м, статикалық жүк көтергіштігі 907 т. Аспаптың
          жоғары жетекші жүйесі бар.
     6.	 Превенторлар және райзер. Төрт 476 мм қыстырмалы превентор блогы,
          қысымы 103 МПа (бағыттаушы арқансыз қондырылады), 553 м райзер-
          пенопластық және ауалық қалытқы элементтермен жабдықталған.
     7.	 Позициялау жүйесі. Динамикалық позициялау жүйесі (алты азимуталдық
          рулдеу құрылғыларымен, қуаты 2650 кВт).
     8.	 Зәкірлеу жүйесі. Сегіз нүктелік тізбектік жүйе, тізбектің диаметрі
     	 84 мм, әр зәкір салмағы 15 т.

     Бұрғылау қондырғысы пайдалануда және апаттық жағдайларда 7000 т
салмақ көтере алады, тасымалдау кезінде 5000 т көтереді.

         58

МАЗМ¦НЫ
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63