Page 57 - indexf
P. 57

Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары, алыс қашықтыққа
өз бетімен жүзбегенімен, арнайы тасымалдайтын кемелерді қолданғанда олар-
ды, әр теңіздің акваториясына жылдам жеткізуге болады. Статистикалық
мәліметтер бойынша, дүние жүзінде 98 фирма 448 өздігінен көтерілетін жүзбелі
бұрғылау қондырғыларын пайдаланады.

     448 қондырғының – 58-і (немесе 12,5%) 1956-1969 жж.; 149-ы (32%) 1970-
79 жж. және 246-ы (53,5%) 1980-86 жж. кезінде құралған. Қондырғылардың бұл
түрі 10-122 м теңіз тереңдігінде жұмыс жасай алады. Мұндай қондырғылармен
әр түрлі фирмалар мұнай мен газды 6100-7625 м тереңдіктерде іздестіруде. Бұл
тереңдіктерде қондырғылардың 343-і (75%) жұмыс жасай алады; 64-і (14%)
ұңғымаларды 1525-6490 м тереңдікке бұрғылауға қолданылады. Соңғы жылда-
ры мұндай қоңдырғыларды тереңдігі 9150 м-ге дейінгі ұңғымаларды бұрғылауға
пайдаланып жүр, олардың саны 28 (6%).

         3.4 Жартылай батырмалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары

     Жартылай батырылмалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының жаңа буыны,
теңізде бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіруде, әсіресе ауа райы
тым қатал күрделі аймақтарда елеулі әсерін тигізуде. Мұндай жүзбелі бұрғылау
қондырғыларының сапалық сипаттамаларын таңдау төменгі бөлімдерден
тұрады: ережелер мен пайдалану жағдайлары, қоршаған ортаның белгілері,
шайқалыс сипаттамалары, платформаға (палуба үстіне) берілетін жүктеме,
қондырғылар түрлерінің құрылымы, энергетикалык қондырғылар, козғалтқыш
жүйелері, (платформаны болат немесе шынжыр арқан арқылы құрылысқа
байлап ұстау жүйелері, динамикалық позициялау жүйелері) және бұрғылау
жабдықтары. Жартылай батырылмалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
бұрғылау нүктесіндегі орнықтылығы – понтон тұрқының формасына, олардың
арақашықтығы мен диаметрлеріне тығыз байланысты. Мұндай жүзбелі
бұрғылау қондырғыларының мүмкін тік шайқалысы 1,8 м шамасында крен мен
дифференті ±3° шамасында, толқындардың көтерілу биіктігі 12 м шамасында
болуы тиіс.

     1984 ж. күзінде дүние жүзінде, пайдаланыста және құрылыста 179 жартылай
батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары болды. Алпысыншы жылдарда мұндай
жүзбелі бұрғылау қондырғыларының 18 немесе 10,2% жасалды; жетпісінші жыл-
дарда – 89 немесе 49,8%; ал сексенінші жылдарда құрылыстағы қондырғыларды
қоса санағанда – 9 немесе 38,9% тұрғызылған; жетпісінші (18 жүзбелі бұрғылау
қондырғылары), сексенінші (7 жүзбелі бұрғылау қондырғылары) жылдарда
өздігінен қозғалатын жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылар
тұрғызылған. Бірақ бұларды пайдалану нәтижелері – олардың тиімді еместігін
дәлелдеді.

     Жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғыларының құрылысын
игерумен байланысты ұңғымаларды бұрғылауда теңіз суының тереңдігі өсуде.

         57

МАЗМ¦НЫ
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62