Page 64 - indexf
P. 64

тұщы балластық суға арналған танк бар. N2 твиндекте (кильдік сызықтан 6800
мм жоғары) 25 сүңгуірлік құдықтан кейін, бұрғылау ерітіндісінің зертханасы,
рекуператорлық және компрессорлық қоймалар орналасқан.

     N1 твиндек (кильдік сызықтан 9300 мм жоғары) бұрғылау шахтасы
астындағы бұрмалы платформалары бар превентор жабдығының сақтау бөлмесі
болып саналады. Сол және оң жақтағы борттарда: превентор жабдығының
шеберханасы, қоймалар, компрессорлық бөлім, сығылған ауа баллондарының
қоймасы, декомпрессорлық камералар, зертхана, су асты сүңгуірлік жабдықтарға
арналған теледидар аппараттық бөлмесі орналасқан.

     Сол жақ бортта бұрғылау ерітіндісі айналым жүйесінің үш цистернасы
орнатылған, олардың үстіне дірілдеуік електер, дегазаторлар, құм айырғыштар
және тағы басқа бұрғылау сұйығын дайындау және оны тазалауға арналған
жабдықтар орналастырылған.

     Жоғарғы палубада желдеткіштер мен бұрғылау шеберінің кабинасы
орналасқан. Бұрғылау алаңшасында 10 жабдықталған мұнара 1, портал 2, ротор,
лебедка және басқа жабдықтар орнатылған. Борттық цистерналар палубасында
(кильдік сызықтан 9300 мм жоғары) 22 бұрғылау ерітіндісінің цистерналары,
химикаттар үшін бір цистерна, бұрғылау ерітіндісі, цемент үшін сораптар және
т.б. орналаскан.

     N2 твиндекте (кильдік сызықтан 6800 мм жоғары) 24 сусымалы материалдар
қаптарына арналған қойма бар. Бас палубада 18 құбырларды сақтау текшелері,
19 судан бөлектейтін тізбектік секциялары 17 және бұл секцияларды ұңғыма
центріне жеткізуге арналған арбалы платформа орнатылған. Сол жақ бортында
ұңғыманы сынауға арналған жабдықталған платформа және кран 8 орналасқан.

     3.	 Кеменің артқы бөлігі. Кеменің бұл бөлігінде полуют 16 қозғалтқыштар
бөлімі 31 жетегіштермен 30, бұрғылау және көмекші сораптардың бөлмесі 29
орналасқан. N3 твиндектің (кильдік сызықтан 4100 мм жоғары) астында 24
таратқыш қалқандар, трансформаторлар үшін бөлмелер және басқалар бар.
N2 твиндекте (кильдік сызықтан 7600 мм жоғары) 21 бас машиналық бөлім,
басқару орны, қосалқы механизмдер бөлімі мен сұйық отын және майға арналған
сыйымдылықтар орналасқан. Жоғарғы палубада (кильдік сызықтан 9300 мм
жоғары) ахтерпиктің ішінде 20 рульдеу машинасы мен қойма орналасқан. Соны-
мен қатар, бұл бөлікте бас палубада желдеткіш бөлімі, шеберханалар, апаттық
генератор бөлмесі, қазан бөлімі, қалдықтарды жағуға арналған қондырғы, бір
жұмыс қайығы және қоймалар, швартов жабдығымен және екі құтқарушы
қайықтары бар юта палубасы орналасқан. Жоғарғы тұрғызуларда желдеткіш,
ацетилен, көмір қышқылдары, оттегі, фонарлы қоймаға арналған бөлмелер
орналаскан. Платформасы ұзартылған жоғарғы тұрғызуларда: каротаждық
қондырғы, сақтағыш торы бар тік ұшақ алаңшасы 7, ұңғыманы сынағанда
өнімді жандыру үшін екі жебе және әр түрлі алаңшалар 9 орнатылған.

     Бұрғылау кемесі бұрынғы КСРО Регистрі КМ УЛҒ А2 “Буровое судно”
класына сәйкес ережелерімен бақылау құжаттары бойынша тұрғызылған.

         64

МАЗМ¦НЫ
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69